- Басты
- Жаңалықтар
- Біз Жолдаудағы транспорттық логистиканы дамыту тапсырмасы бойынша жұмыс істеудеміз
Біз Жолдаудағы транспорттық логистиканы дамыту тапсырмасы бойынша жұмыс істеудеміз
«Қазақстан халқына Жолдауда Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Еуропа мен Азия, Солтүстік пен Оңтүстік арасында орналасқан географиялық мекенін ескерсек, елімізде қатынастың үлкен рөл ойнайтынын айтқан болатын. Бұған дәлел Достық-Алашанькоу шекара өткелі. Ол өткен ғасырдың соңында Қытай мен ҚР арасында транспорттық коридор болып құрылып, қазірде жұмыс қарқыны жыл санап артып келеді», - деді Н.Жаниязов.
2013 жылы Достық станциясы ұжымы тасымалдың жоспарлы көрсеткішінен асып түсіп, аталмыш бекет арқылы 17 млн 751 мың 230 тонна жүк өткізілген. Экспорттық жүктің негізгі жоспарлы көлемі 10 млн 500 мың тонна болса, іс жүзінде бұл көрсеткіш 12 млн 264 мың тоннаны құрады.
«Жолдауда Мемлекет басшысы шекарадағы бекеттердің өткізу мүмкіндігін арттырып, кедендік жүк айналымы мерзімін қысқарту мәселесін көтерді. Қазіргі таңда қытайлық әріптестермен жүк тасымалын тәулік бойы жөнелту мәселесін қолға алу туралы келіссөздер жүргізілуде», - деді Н.Жаниязов.
Сонымен темір жол бекеттерінде жүкті тексеру ғимаратында бірыңғай рәсімдеу залы қызмет етеді. Соның арқасында өткізу пунктеріндегі санитарлық-эпидемиологиялық, фитосанитариялық, ветеринарлық, транспорттық қызметтің тасымал құжатын дайындау уақытын азайту мүмкін болып отыр.
Жаниязовтың айтуынша, Достық станциясында әкімшілік-тұрмыстық корпус, вагондарды қою жабық паркі құрылысы аяқталып, манивронды локомотивтер паркі толықтай жаңартылған. Қосымша қабылдау-жөнелту жолдары салынды.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді