- Басты
- Жаңалықтар
- СҚО-да жолдарды жөндеуге 3 миллиард теңге бөлінді
СҚО-да жолдарды жөндеуге 3 миллиард теңге бөлінді
«Бар күшті жолдарды жөндеуге салу керек. Аудан әкімдері автомобиль жолдары басқармасымен тығыз қатынас жасасын. Әсіресе мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндігін пайдаланып қалуға тырысқан жөн. Әр метрді қалпына келтіру жұмыстары аудан жетекшілерінің жіті бақылауында болсын», — деп атап өтті өңір басшысы Самат Ескендіров. Қазір облыста автомобиль жолдарының ұзындығы 9 мың шақырымды құрайды. Оның 69 шақырымына жөндеу жүргізу қажет. 2010-2012 жылдары жолдарды жөндеу республикалық және жергілікті бюджеттен 7 млрд теңге жұмсалған.
Сонымен қатар, отырыста «Ақ бұлақ» бағдарламасының орындалу барысы мен міндеттері талқыланды. Бүгінде солтүстікқазақстандықтардың 83% тіршілік көзін орталықтандырылған желіден тұтынады. Биыл бұл көрсеткішті жақсарту үшін «Ақбұлақ» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2 млрд теңгеден артық қаржы бөлінген. Аймақ басшысы маңызды жұмысты уақтылы әрі сапалы орындауды жүктеді.
-
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Президент тапсырмасы: «Жас ғалым» жобасы аясында 1000 грант бөлінді -
Елордада Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 1 млн теңге көлемінде қаржылай көмек беріледі -
ҚР экономикасы: Инфляция, теңгенің құнсыздануы және дағдарысқа қарсы іс-шаралар -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға жәрдемақы түрінде 97 млрд теңге төленді -
Көктемгі егіс: 11,8 млрд теңге тұқым себуге, 24 млрд теңге техникаға бөлінді -
Жыл басынан бері көпбалалы аналар 45,6 млрд теңгеге жәрдемақы алды -
Қаңтар айында көпбалалы аналар 22,5 млн теңгеге жәрдемақы алды