2013 жылы Атырау қаласында 1900 жол белгісі орнатылды

3 Ақпан, 2014 17:00
Жол полициясының мәліметінше, Атырау қаласында 2013 жылы 1900 жол белгісі қойылды.

«Ұзындығы 1200 шақырымға созылған жол кедергілерін орнату жұмысы аяқталуға жақын. Сондай-ақ, арнайы суық пластик материалы-5 мың шаршы метр мен жол белгілеулерін 60 мың шаршы метрге орнату жұмыстары да жүргізілуде», - деп облыс әкімдігінде хабарлады.

Сондай-ақ, 2013 жылы облыстық бюджет бөлген қаржыға «Атырау-Индер» бағытындағы 6,2 шақырым жолға күрделі жөндеу жасалды. «Атырау-Индер»  автомобиль жолында 129 белгі орнатылды.

Сондай-ақ, Тасқала, Тасқала-2, «Өркен» шағын ауданында жолдар жөнделіп 58 жол белгісі қойылды.

Оған қоса, Атырауда жергілікті пунктерде 5 203 шаршы метрге жолдардың ойық жерлері жөнделді. 

Барлық жаңалықтар