• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2013 жылы Атырау қаласында мүгедек балаларды бағып отырған отбасыларға 9,8 млн теңге төленді

2013 жылы Атырау қаласында мүгедек балаларды бағып отырған отбасыларға 9,8 млн теңге төленді

3 Ақпан, 2014 16:48
2013 жылы Атырау қаласында мүгедек балаларды тәрбиелеп және оларды үйге шақыру арқылы оқытып отырған 287 отбасыға материалдық көмек ретінде 9,8 млн. теңге төленді.

«2013 жылы 105 мүгедекке ымдап сөйлесу мамандары қызмет көрсетсе, ал, 181 мүмкіндігі шектеулі жанға жалпы сомасы 47,6 млн. теңгеге  жеке көмекшінің қызметі көрсетілді», - деп облыстық ішкі саясат басқармасы хабарлады.

Жеке оңалту бағдарламасы аясында 1 377 азамат өзінің жүріп тұруына қажетті құралдармен жабдықталып, 67,3 млн. теңгеге санаториялық-курорттық орталықтарда ем-дом қабылдауға мүмкіндік алды.

Ал, 2013 жылы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында 635 азамат әлеуметтік жұмыс орындарына орналасса, жастар тәжірибесінен 861 өтті. Бұдан басқа, 353 жұмыссыз қайта оқып, мамандық алуға және  кәсіби біліктілігін арттыруға мүмкіндік алды. Бағдарламаға қатысушы 358 азамат жалпы сомасы 672 млн. теңге микронесие алды. Қомақты қаржы қатысушыларға жеке бизнес пен жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді.  

Барлық жаңалықтар