• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2014 жылы Қазақстан өңірлерінде көліктік -логистикалық орталық желісінің құрылысы басталады – А.Жұмағалиев

2014 жылы Қазақстан өңірлерінде көліктік -логистикалық орталық желісінің құрылысы басталады – А.Жұмағалиев

3 Ақпан, 2014 16:21
2014 жылы Қазақстан өңірлерінде транспорттық-логистикалық орталықтар желісінің құрылысы басталады. Бұл жайлы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі брифингінде ҚР Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев мәлімдеді.

«Биыл Қазақстан өңірлерінде транспорттық-логистикалық орталықтар желісін құру жобасын іске асыру басталады. ТЛО құрылсының бірінші кезеңі Астана, Павлодар, Шымкент, Ақтау мен Атыраудан басталмақ. 2020 жылға дейін ТЛО санын 34-ке дейін арттыруды көздеп отырмыз», - дейді министр.

Оның айттуынша, автоматтандырудың басты міндеттемелерінің бірі – жемқорлық әрекеттерінің ешбір түріне жол бермеу. Осы мақсатта қазірдің өзінен бастап республика көлемінде 13  автоматты өлшеу қақпасы орнатылып, 11 транспорттық бақылаудың стационарлы бекеті жабылды.

«Бұл өз кезегінде лауазымды тұлғалармен тасымалдаушылардың байланыс құруының алдын алып, жүк тасымалы уақытын барынша қысқартуға жағдай жасайды. Биыл аталмыш қақпалардың саны 31-ге жеткізіліп, алдағы уақытта олардың саны 80-ге дейін артырылмақ», - дейді ведомство басшысы.

Барлық жаңалықтар