• Басты
  • Жаңалықтар
  • А.Жұмағалиев: Экспорттық және импорттық операцияларды рәсімдейтін құжат саны қысқарады

А.Жұмағалиев: Экспорттық және импорттық операцияларды рәсімдейтін құжат саны қысқарады

3 Ақпан, 2014 16:20
Экспорттық және импорттық операцияларды рәсімдейтін құжат саны қысқарады. Бұл жайлы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі брифингінде ҚР Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев мәлімдеді.

Өз сөзінде А. Жұмағалиев атқарылып жатқан шаралардан мысал келтірді: «Бүгінде экспорттық және импорттық операцяларды іске асыру үшін 12 құжат қажет. Оларды дайындауға 20 күн кетеді. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында, біз бұл құжаттардың санын қысқартамыз. Ал, бұл өз кезегінде рәсімдеу мәселесін де барынша қысқартуға мүмкіндік беретін болады».

«Мемлекет басшысы біздің азаматтарымызда көлік құралдарының жинақталуы мәселелерін шешу туралы тапсырма берді. Ол үшін кедендік өңдеу мерзімін қысқарту, шекаралық өткелдердің өткізу қабілетін арттыру, экспорттық және импорттық операцялар үрдісін жеңілдету қажет», - деді министр.

Оның айтуынша, бұл мәселе автомлбиль тасымалымен қатар жүк тасымалы үшін де маңызды.

«Біз тиісті мемлекттік органдармен бірігіп жүк тасымалы, тексеру органдарының жұмысын автоматтандыру мен тиімді тасымал желісі  үшін тасымал процесіне қатысушылардан талап етілетін құжаттар санын қысқарту бойынша кешенді шаралар дайындауды жоспарлап отырмыз», - деді ведомство басшысы.

Барлық жаңалықтар