• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қолдауға ие құқық қорғау органының жүйесі әділдікті орната алады - қаржы полициясының ресми өкілі

Қолдауға ие құқық қорғау органының жүйесі әділдікті орната алады - қаржы полициясының ресми өкілі

3 Ақпан, 2014 16:00
Тек, халықаралық стандартқа сай және жерглікті халықтың басым бөлігінің қолдауына ие құқық қорғау органының жүйесі әділеттілікті, заңның үстемдік құруы мен жоғары құқықтық мәдениетті орната алады, деп ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің ресми өкілі (қаржы полициясы) Мұрат Жұманбай есептейді.

«Елбасы өзінің Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ  халыққа Жолдауында мемлекеттік институттардың, оның ішінде құқық қорғау органдарының сапасын арттыру еліміздің әлемнің  дамыған 30 мемлекетінің қатарына қосылуының алғы шарттары деп атап өтті. Тек, халықаралық стандартқа сай және жергілікті халықтың басым бөлігінің  қолдауына ие құқық қорғау органының жүйесі әділеттілікті, заңның үстемдік құруы мен жоғары құқықтық мәдениетті орната алады. Осыған байланысты Мемлекет басшысы еліміздің құқық қорғау органын тыныштық пен заңның сақталуын қамтамасыз етуде басты қару ретінде қарастырып,  әрқашан мемлекеттік аппараттың құқықтық блогын жаңарту мен реформалауға көбірек көңіл бөледі», -  деді М. Жұманбай.

Қаржы полициясының ресми төрағасының мәліметі бойынша, бүгінде құқықтық база жасақталып, әлеуетті ведомстволардың жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасалған. Сонымен қатар, олардың әрқайсысының өкілеттілігі мен құзыры заңды түрде бекітіліп, шектелген.  Айта кетерлік жайт, жоспардан тыс өткізілген аттестациялаудың арқасында құқық қорғау органдары кездейсоқ жұмысқа алынған және жауапсыз қызметкерлерінен арылды.

«Қаржы полициясы өзге де құқық қорғау органдары секілді өз қызметтерін орындауда. Соңғы 2 жылда қаржы полициясының кадрлық құрамы жақсартылып, сараптамалық жұмыстар күшейтілді. Есепке алу-тіркеу тәртібіне бірқатар түзетулер енгізілді. Ол өз кезегінде қылмыстардың мағлұматы туралы объективті және сенімді ақпараттарды құруға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, оларды жабу фактілерінің  алдын алды. «Кезекші офицер» қызметі енгізілді. Оның қызметі келіп түскен өтініштерді бір рет қарап шығу мен жұмыс тәртібіне «полиция зерттеуін» енгізу. Жемқорлық және экономикалық құқық бұзушылық, терроризм мен діни экстремизмді қаржыландыруға қарсы тұру әдістері мен формасын жетілдіру бойынша шаралар қабылданды», - дейді М.Жұманбай.

Оның айтуынша, осы қызметтің басты нәтижесі қаржы полициясының көрсеткіштерге ғана жұмыс істеуінен бас тарту болып отыр. Санның сапаға ауысуы бойынша басымдылықтар мен талаптар өзгертілді.

«Бүгінде қаржы полициясы «көлеңкелі экономика» мен жемқорлықпен күреске негізделген жаңа жемқорлыққа қарсы стратегияны құру бойынша жұмыс істеп жатыр. Жемқорлыққа қарсы бірыңғай фронтқа өту, экономикалық қауіпсіздік пен дамуға өту үшін Қазақстанда азаматтық қоғам мен бизнестің жоғары әлеуеті пайдаланылуда. Бізде бір мақсат, бір мүдде мен бір болашақ бар емес пе?!», - дейді М.Жұманбай.

 

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар