• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2020 жылға қарай Қазақстан арқылы өтетін транзиттік тасымал көлемі 2 есеге өседі – А.Жұмағалиев

2020 жылға қарай Қазақстан арқылы өтетін транзиттік тасымал көлемі 2 есеге өседі – А.Жұмағалиев

3 Ақпан, 2014 15:35
2020 жылға қарай Қазақстан арқылы өтетін транзиттік тасымал көлемі 2 есеге өседі. Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Б.Сағынтаевтың қатысуымен өткен ҚР Көлік және коммуникация министрлігі қызметкерлерінің отырысында ведомство басшысы Асқар Жұмағалиев мәлімдеді.

«Бірнеше апта бұрын Мемлекет басшысы 2020 жылға дейінгі транспорттық инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасын мақұлдады. Бұл бағдарлама транспорттық инфрақұрылымды дамытуды алғаш рет қарастырып, 30 мың шақырым автожол, 8,2 мың шақырым темір жолды жөндеу жұмыстарының құрылысын қамтиды. «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» жобасы мен өзге де қолға алынатын шаралар 2020 жылға дейін аяқталатын болады. Аталмыш бағыттардың барлығында халықаралық деңгейдегі заманауи автобандар салынатын болады», - деді министр.

Оның айтуынша, аталмыш жобаларда автокөлік транспорты қызметін көрсететін нысандары да қарастырылмақ.

«Барлық автостанциялар мен автовокзалдар бүгінде 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап мақұлданып, күшіне енген талаптар мен стандарттарға сай жаңғыртылып, қызмет ететін болады», - деді ведомство басшысы.

Сонымен қатар, мемлекеттік бағдарлама аясында «Жезқазған-Бейнеу» мен «Арқалық-Шұбаркөл» темір жолының құрылысын да аяқтау жоспарланып отыр. Ал 2020 жылдың соңына дейін локомотив паркі тозу деңгейін төмендету үшін 700 локомотив алынып, 90 локомотивтке эөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Барлық жаңалықтар