- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР-да сырттай оқуды жабудың қажеті жоқ - Т. Балықбаев
ҚР-да сырттай оқуды жабудың қажеті жоқ - Т. Балықбаев
«Сырттай білім беру жайы бізді қатты алаңдатып отыр, өйткені ондағы білім сапасы өте төмен. Бірақ, екінші жағынан алып қарасақ, республикадағы барлық сырттай білім беру бөлімдерін жауып тастаудың да ешбір реті жоқ, себебі қазіргі күні 580 мың студенттің 150 мыңы осындай бөлімдерде оқиды. Оның үстіне, біздің жұмысшы жастарды жоғары білім алуға тарту жөніндегі міндеттемеміз де бар», - деді ол.
Сондай-ақ, вице-министр қашықтан оқыту сияқты жаңа технологияларды енгізу сырттай білім берудің сапасын арттыруға мүмкіндік беретінін де атап өтті.
«Егер, қашықтан оқыту жүйесі сапалы дамытылатын болса, онда сырттай оқу қажеттілігі өздігінен шешіледі. Бүгінде сырттай оқу бойынша бөлінген 35 мың гранттын 1000 тек педагогикалық мамандықтарға арналған», - деп вице-министр өз ойын толықтырды.
Өз кезегінде ведомство басшысы, министрлік сапалы оқытуды оның реформасына қарамастан басым бағыт ретінде қарастыратынын атап өтті.
«Біз көңілімізді оқудың түріне емес, оның сапасына көбірек бөлеміз. Мейлі ол сырттай немесе іштей оқу болсын. Егер, беріліп отырған білім сапалы болса онда оған тағар мініміз жоқ. Ал, егер білім сапасы төмен, оның үстіне диплом сатып алынған болса, онда оған көнетін біз емес. Әлемде өмір бойы білім алу тенденциясы жүріп жатыр. Бұл форма тиімділердің қатарына жатады. Ал, кейбір білім ошақтарының осы жағдайды оңай пайдаға кенелу жолына айналдыратыны мүлдем бөлек әңгіме», - деп ҚР БҒМ басшысы А.Сәрінжіпов ағынан жарылды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады