- Басты
- Жаңалықтар
- 2015 жылы облыс орталықтарындағы мамандандырылған ХҚКО құрылысы аяқталады – ККМ басшысы
2015 жылы облыс орталықтарындағы мамандандырылған ХҚКО құрылысы аяқталады – ККМ басшысы
«2014 жылы Талдықорған, Павлодар, Петропавл мен Қызылордадағы автокөлік иелеріне қызмет көрсету үшін 4 жаңа ХҚКО ашу көзделіп отыр. Осылайша республика бойынша мамандандырылған ХҚКО жалпы саны 9 болмақ. 2015 жылы біз барлық облыс орталықтарында мамандандырылған ХҚКО салатын боламыз», - деді министр.
Қазіргі таңда ХҚКО қызметі жаңғыртылып, қызмет көрсету уақыты 60 минуттан 15-20 минутқа қысқартылған.
«Халықтың мекеме жұмысына қанағаттану көрсеткіші 82% пайызды құрап отыр. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 24 млн қызмет көрсетілсе, бұл 2012 жылғы көрсеткіштен 2 есеге жоғары», - дейді ведомство басшысы.
Алдағы уақытта ХҚКО-да инновациялық технологияларды енгізу жұмыстары жалғастырыла береді. Атап айтар болсақ, Connection Point, территориялық ұстанымдарға көңіл аударылып, мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсету жұмыстарына баса назар аударылмақ.
Жалпы, қазіргі таңда жұмыс істер тұрған 70 мобильді ХҚКО қызметі арқылы 862 мың қызмет көрсетілген. Сонымен қатар, ел бойынша Астана, Алматы, Қарағанды, Ақтау мен Таразда автокөлік иелеріне арналған мамандандырылған ХҚКО ашылды.
-
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді