- Басты
- Жаңалықтар
- 2014 жылы 40-қа жуық теміржол вокзалы жаңғыртылады – А. Жұмағалиев
2014 жылы 40-қа жуық теміржол вокзалы жаңғыртылады – А. Жұмағалиев
«Елімізде 38 теміржол вокзалын жаңғырту жоспарланған. Сонымен қатар, министрлікте хабарлағандай, Астанада вокзал кешенін құрастыруды бастау, 800 км жолдың жоғарғы қабат құрылымын жөндеу, «Алматы станциясының теміржол торабын айналып өтетін теміржол желісін құру» жобасын жүзеге асыруды бастау, және Ақтөбе облысындағы рельс-арқалық зауытының құрылысын аяқтау көзделуде», - деді А. Жұмағалиев.
Теміржол тасымалы саласында 2014 жылы 294 млн тонна жүкті және 20 млн жолаушыны тасымалдауды қамтамасыз ету жоспарланған, соның ішінде «Астана – Қызылорда», «Астана – Защита», «Алматы – Защита», «Алматы – Ақтобе» және «Алматы-Ташкент» қатынасында жоғары жылдамдықты 5 жаңа Тальго бағдары ашылады.
«Электронды түрде билетті өткізу жұмысы өте белсенді жүргізілуді. Өткен жылы 2 млн 5 мың билет сатылды. Осы жылы 3 млн 600 мың билет сатылады деп үміттенеміз. Бұл жалпы парктің жаңғыртылуы мен электрондық түрде билет сатудың басты мақсаты жемқорлықпен күресу», - деді А. Жұмағалиев.
Сондай-ақ, 2013 жылы жолаушылар тасымалдаудың саны өткен жылмен салыстырғанда 5,5 пайызға өскен. 6 жолаушылар маршруты жіберілді, олардың тең жартысы – жүрдек.
Оған қоса, 80 вокзал күрделі жөндеуден өткізіліп, 97 жаңа локомотив, 1704 жүк вагоны, 237 жолаушылар вагоны алынды. 1250 шақырым жол салынып, 631 шақырымы күрделі жөндеуден өткен.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады