- Басты
- Жаңалықтар
- СҚО-да «Шенеунік және кәсіпкер» акциясы өтті
СҚО-да «Шенеунік және кәсіпкер» акциясы өтті
«Облыстық прокуратурада бизнес-қауымдастық өкілдері мен бақылау-қадағалау органдары қызметкерлерінің қатысуымен алқа мәжілісі өтіп, онда
«Шенеунік және кәсіпкер» акциясының қорытындысы шығарылды», деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Бірқатар бақылау-қадағалау органдарының қызметін тексергенде заңсыз тексерістер жүргізіліп, кінәлі тұлғаларға қатысты тиісті шаралар қабылдамау сияқты фактілер анықталды. Тексеріс қорытындысы бойынша 11 ұсыныс енгізілді.
Сонымен бірге, отырыста прокуратура органдары мобильдік топтарының жұмысы баяндалды.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылы мобильдік топтарға 10 рет кәсіпкерлер өтініш білдірген. Оның 5 фактісі бойынша лауазымды тұлғаларға қатысты шаралар қабылданды.
Мысалға, Төтенше жағдайлар департаментімен прокурорлық қадағалау актісін қарау қорытындысы бойынша «Казторгшина» ЖШС-нің құқығы қорғалды, олардың қызметіне домалақ арыз негізінде Департамент тексеріс жүргізген. Аталған факті бойынша 1 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, «Казторгшина» ЖШС-да жүргізілген тексеріс қорытындысы туралы акт, сонымен бірге әкімшілік жаза қолдану туралы 2 қаулы бұзылды.
Акция барысында кәсіпкерлердің құқықтарын бұзу, жергілікті атқарушы және құқыққорғау органдарының кәсіпкерлер қызметіне заңсыз араласуы, нұсқау беру сияқты фактілер анықталды. Шал ақын аудандық прокуратурасының мобильдік тобы ішкі істер бөлімі барлық ШҚ, ЖШС, басқа да ұйымдар басшыларына, АЖС және дүкендер иелеріне көрсетілген талаптарды орындауды жүктегенін және оны орындамаған жағдайда (мерзімі 30 тәулік) әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қаралатынын ескерткенін анықтады.
Есіл аудандық прокуратурасының тексерісі кезінде аудандық әкімдіктің кәсіпкерлік субъектілеріне аудан орталығы көшелерін және орталық алаңды қардан тазалау туралы заңсыз тапсырыс беру фактісі белгілі болды. Жеке кәсіпкерлерге (барлығы 6 субъект), олардың келісімінсіз орталық көшеден қарды шығару үшін техника бөлу тапсырылған.
Мобильдік топтар барлығы 5 қадағалау актісін енгізіп, 3 тұлға жауапкершілікке тартылған, 15 кәсіпкердің құқығы бұзылуының алды алынды. Облыстық прокуратура мамандарының айтуынша, «Шенеунік және кәсіпкер» акциясы алдағы уақытта да жалғасатын табады.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы