• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстандық экспозиция Стамбулдағы ЕMITT-2014 халықаралық туристік көрмесі үздіктерінің қатарында

Қазақстандық экспозиция Стамбулдағы ЕMITT-2014 халықаралық туристік көрмесі үздіктерінің қатарында

3 Ақпан, 2014 11:50
ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитетінің стенді Стамбулдағы EMITT-2014 көрмесінде «Ең ерекше стенд» номинациясын жеңіп алды.

ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитетінің хабарлауынша, EMITT-2014 көрмесінде Қазақстанның туристік мүмкіндіктерін Астана, Алматы, Алматы облысы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Атырау мен Маңғыстау облыстары таныстырды.

Түркиядағы қазақстандық экспозиция қонақтарға Астанада өтетін ЭКСПО-2017 жылы өтетін халықаралық  мамандандырылған көрмесімен таныстырды. Қатысушылар туризм саласындағы соңғы жетістіктер мен жасалынған жұмыстарды, тауар мен қызмет түрлерін ұсынды.

Қорытынды бойынша, қазақстандық стенд «EMITT-2014 көрмесінің ең  ерекше стенді» номинациясын жеңіп алды.

Айта кету керек, 2014 жылы Стамбулдағы көрмеде 4 мыңнан астам өкіл қатысты. Ал көрмеге келген қонақтардың ұзын саны 150 мыңды құрап отыр.

 

Барлық жаңалықтар