Италияда ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Жолдауы таныстырылды

3 Ақпан, 2014 11:23
Римде Қазақстан Елшілігі ҚР Президенті Н.Назарбаевтың итальян тіліне аударылған «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауының таныстырылымын өткізді. Дөңгелек үстелге Италияның саяси, сарапшы, академиялық топтары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Сөз алған Елші Андриан Елемесов қазіргі таңда Қазақстан басты мақсаты әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру болып табылатын «2050 Стратегиясын» іске асыру үшін экономикалық, әлеуметтік және интитуционалдық негіз құру бойынша тапсырмаларды батыл шешіп отырғанын атап өтті. Қазақстандық дипломат Жолдаудың экономикалық бөлімі, инфрақұрылымдық және инвестициялық басым жобалар туралы толық айта отырып, Қазақстан сыртқы саясатының тұжырымдамалық негіздерін өзгертпейтініне және өзіне жүктелген барлық халықаралық міндеттемелерді толығымен орындайтынына көңіл аударды.

ҚР СІМ хабарлағандай, Өз сөздерінде итальяндық сарапшылар бірауыздан: ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы тек ел дамуының айқын елеулі қорытындылар жасап қана қоймай, бастысы, Қазақстанның болашағын дамытуда нақты мақсаттар қоятынын айтты.

Атап айтқанда, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының экс-президенті Рикардо Мильори: «Жалпы, бұл Жолдау сындарлы асқақтығымен, мұқият ойластырылған стратегиясымен, сапалы жаңа міндеттерімен және ең бастысы Президенттің өз халқына деген қамқорлығымен ерекшеленеді. Белгіленген міндеттерді табысты шешудің арқасында, Қазақстанның 2050 жылға қарай әлемнің дамыған 20 елінің қатарына кіруге барлық алғышарттары бар» деп айтып өтті.

Италия Сенатының өкілі Серджио Дивина экономиканың өндіріс секторларын дамытудағы Қазақстан Үкіметінің күш-жігерін жоғары бағалай отырып, Қазақстанның дағдарысқа қарсы қабылдаған шараларының уақыттылығы мен нәтижелілігіне, сондай-ақ еліміздің халықаралық аренадағы жетістіктерін атап кетті.

Итальяндық түркітанушы профессор және «Vox Populi» ғылыми-зерттеу орталығының президенті Эрманно Визинтайнер отаншылдықсыз тұрақты мемлекет құру және дамыту мүмкін еместіктен, «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын тұжырымдау ол үшін Жолдаудағы негізгі бағыт болғанын айтты.
 

 

Барлық жаңалықтар