- Басты
- Жаңалықтар
- Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы Варшавада таныстырылды
Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы Варшавада таныстырылды
«Аталған шараға 100-ден аса адам қатысты. Олардың арасында парламент депутаттары, Польшаның сыртқы саясат ведомствосы мен басқа да мемлекетттік органдардың қызметкерлері, кәсіпкерлер, Польшадағы отандастарымыз, БАҚ өкілдері болды. Жиналғандарға Жолдаудың поляк тіліне аударылған мәтіні таратылды», - деп Сыртқы істер министрлігінде хабарлады.
Елші Ерік Өтембаев сөйлеген сөзінде тыңдаушыларды Жолдаудың негізгі қағидаларымен таныстырып, аталған құжат арқылы Елбасы «Қазақстан-2050» Стратегиясында белгілеген мақсаттарды орындау аясында нақты нұсқаулар бергенін ескертті.
«Жолдаудағы тапсырмалар отандық кәсіпкерлер мен шетелдік инвесторлар үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастыруға, әлеуметтік саясатты нығайтуға, мемлекетіміздің халықаралық аренадағы беделін асыруға және ортақ құндылықтар мен еліміздің зор табыстарына деген шынайы мақтанышқа негізделген қазақстандық отансүйгіштікті көтеруге бағытталған» - деп атап өтті Е. Өтембаев.
Жолдаудың мазмұнына байланысты Елші сондай-ақ жиналған қауымды Қазақстан мен Польша арасында экономикалық ықтымақтастықтың дамуымен және поляк компанияларының Елбасы тапсырмаларының аясында жүзеге асырылуы тиіс жобаларға қатысу мүмкіндіктерімен таныстырды.
Пікір алмасу барысында отандық дипломат тыңдаушылар тарапынан түскен көптеген сұрақтарға жауап берді. Олар Жолдаудағы геологиялық барлауға көбірек көңіл болу, ашық теңіздерге шығу жолдары бар мемлекеттерде логистикалық орталықтарға инвестиция жасау, ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық, туристтік әлеуетті нығайту, т.б. мәселелерге қатысты болды.
Кездесуге қатысқан Польша сенаторы Ян Либицкий әрбір елдің табысты дамуы үшін мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы тығыз ынтымақтастықтың маңызы зор екенін ерекше атап өтті. Осы орайда ол өзінің мүгедектер құқықтарына арналған халықаралық конференцияға қатысу мақсатында 2009 ж. Астанаға жасаған сапарын жылы еске алатынын айтты. Сенатор, сондай-ақ, индустриалды-инновациялық даму бағдарламалары кәсіби-техникалық білім беру саласына елеулі көңіл бөлу мен қомақты инвестицияны талап ететінін ескертіп, осы салада Польшамен ынтымақтастық орнатуды ұсынды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру