• Басты
  • Жаңалықтар
  • Жолдауда көрсетілген міндеттерді кезең-кезеңімен жүзеге асыру заңның үстемдік құруы мен құқықтық мәдениетіміздің артуына септігін тигізеді- С.Темірболатов

Жолдауда көрсетілген міндеттерді кезең-кезеңімен жүзеге асыру заңның үстемдік құруы мен құқықтық мәдениетіміздің артуына септігін тигізеді- С.Темірболатов

3 Ақпан, 2014 10:30
Жолдауда көрсетілген міндеттерді кезең-кезеңімен мүлтіксіз жүзеге асыру заңның үстемдік құруы мен құқықтық мәдениетіміздің артуына септігін тигізеді, деп ҚР Экономикалық қылмыс пен жемқорлыққа қарсы агенттігінің басшысы Серік Темірболатов ағынан жарылды.

«Елбасы халыққа «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында қазақ елінің алдағы он жыл бойы дамуы мен міндеттерін айқындап берді. Солардың ішінде, мемлекеттік институттардың жұмыстарын жетілдіру алғашқы орында тұр. Яғни, құқық қорғау органдарының жүйесін жаңартып, реформалау», - деді С. Темірболатов.  

Оның айтуынша, Жолдаудағы «Жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияны» жасақтау тапсырмасы Қазақстандағы түйені түгімен жұтып жіберетіндермен күрес бағытын айқындап, еліміздегі мемлекеттік саясаттың алғышарттары ретінде көрсетілген. 

«Жемқорлыққа қарсы жаңа стратегия «үлкен құзіретке ие погондағы адамдардың» жаңаша танылуын көздейді. Олар «мінсіз мінезімен және жоғары кәсібилігімен ерекшеленуі керек». Аталмыш жорамал өте маңызды және Президенттің мұндай қызмет иелеріне барлық жағдайды жасау туралы бастамасымен толықтай қосыламыз. Жолдауда айтылған осынау міндеттемелерді мінсіз және кезең-кезеңімен орындау «әділ бәсекелестікті құрып, қоғамда әділеттің орнауы мен заңның үстемдігін орнатып, елді жоғары құқықтық мәдениетке жеткізеді», - дейді С.Темірболатов.

ҚР Экономикалық қылмыс пен жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі мен қаржы полициясы аппараты және өзге де құқық қорғау органдары жетекшілерінің мәліметінше, олар қазірден бастап Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыруға кірісіп кеткен.

«Биыл қаржы полициясының құрылғанына 20 жыл. Бұл айтулы уақыт бүгінге дейін жеткен жетістіктер мен алдағы міндеттемелердің ара-жігін ажырататын бейнелі дата. Сол себепті қаржы полициясы биылдан қалмай жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияны құруды аяқтап, оны іске асыра бастамақ», - дейді С.Темірболатов.

Барлық жаңалықтар