- Басты
- Жаңалықтар
- Мәскеуде өткен ЕЭК кезекті отырысында интеграцияны одан әрі дамыту мәселелері талқыланды
Мәскеуде өткен ЕЭК кезекті отырысында интеграцияны одан әрі дамыту мәселелері талқыланды
«ЕЭК кеңесі мүшелері интеграцияны дамытудың одан арғы жағдайын есепке ала отырып, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт жобасы бойынша жұмыстардың барысын талқылады», - деп Премьер-Министрдің ресми порталындағы хабарламада жазылған.
Сондай-ақ, жеңіл өнеркәсіпке, бәсекелестік пен монополияға қарсы реттеуге, КО және ЕЭК-ке мүше-елдердің агроөнеркәсіптік саясаты және басқа да сфераларға қатысты мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, ЕЭК кеңесі бәсекелестіктің бірыңғай ережелерін сақтау, сондай-ақ ауыспалы тоқ қозғалтқыштарының жекелеген түрлеріне қатысты Кеден одағының Бірыңғай кедендік тарифтерінің әкелімдік кедендік бажы мөлшерлемесін қалыптастыру бойынша Еуразиялық экономикалық комиссия өкілеттігін жүзеге асыру кезінде құпия ақпараттарды қорғау тәртібі және оны жариялау жауапкершілігі туралы Келісім жобасын қарады.
ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Б.Сағынтаев ЕЭК жұмысындағы басымдық интеграциялық бірлесуде қатысушы- мемлекеттердің өз мүдделеріне қол жеткізуі болып табылатынын атап көрсетті.
«Біз, елдеріміздің бірлескен жұмысының экономика дамуын жеделдетуге, жаңа өндірістер мен салалар құруға, тиісінше, тауарлар мен қызметтер ассортименттерін кеңейтуге, олардың ортақ экономикалық кеңістік ішіндегі айналымын оңайлатуға, жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал ететінін көріп отырмыз»,-деп түйіндеді Б.Сағынтаев.
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі