- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан көп салалы озық индустриясы бар ел болады- армяндық сарапшылар
Қазақстан көп салалы озық индустриясы бар ел болады- армяндық сарапшылар
СІМ хабарлағандай, аталған шараға Президент Аппаратының, Парламенттің, мемлекеттік органдардың, Арменияның академиялық және сарапшылар топтары мен БАҚ өкілдері қатысты.Қазақстан Елшісі Айымдос Бозжігітов осы іс-шараны ашып, қатысушыларды Президенттің Қазақстан халқына Жолдауының негізгі қағидаларымен таныстырды.
«Дөңгелек үстел» жұмысының барысында «Интеграция және даму» үкіметтік емес ұйымының төрағасы, «Армения-Қазақстан» достық депутаттық тобының бұрынғы басшысы Арам Сафарян сөз сөйледі. Ол бұл бағдарлама елді әлемнің ең дамыған мемлекеттерінің қатарына шығаруы тиіс, толық жазылған, ғылыми негізделген іс-әрекеттер бағдарламасы екенін атап өтті. Сарапшының пікірінше, Жолдауда көрсетілген міндеттерді іске асыра отырып, «Қазақстан көп салалы озық индустриясы және заманауи ауыл шаруашылығы бар ел болмақ».
«Альтернатива» зерттеу орталығының директоры, экономика ғылымдарының докторы Татул Манасерян Қазақстан Президентінің жаңа Жолдауы елдің саяси және экономикалық болашағының нақты міндеттерін іске асыруға бағытталғанын атап өтті. Оның айтуынша, құжаттың жүйелі сипаты бар, онда «Қазақстан-2050» стратегиясын іске асырудың жолдары қарастырылған. Сондай-ақ сарапшы әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру бойынша қиын, бірақ орындауға болатын міндетті де айтып өтті. Осыған орай Татул Манасерян Қазақстан алға қойған мақсаттарға қол жеткізе алатын, үдемелі экономикасы бар байлығы жеткілікті ел екенін белгіледі.
Армения Қоғамдық Кеңесінің Диаспора, дін және халықаралық интеграция мәселелері бойынша комиссиясының Халықаралық интеграция мәселелері бойынша кіші комиссиясының төрағасы Агавни Караханян экономикалық дамудағы Қазақстанның оң сипатты тәжірибесі туралы айта отырып, дөңгелек үстөлге қатысушылардың назарын шағын және орта бизнесті дамыту мәселесіндегі жүйелі тәсілге аудартты. Оның пікірінше, Жолдауда шағын бизнес ұрпақтан ұрпаққа берілетін отбасылық дәстүрге айналуы тиіс екеніне баса екпін түсірілген. Сондай-ақ сарапшы «болашақта елдің өзіндік мәдени провайдеріне айналатын» ірі қалалық агломерацияларды дамыту бойынша Қазақстан жоспарына назар аударды. Аталған бағыттарда, Агавни Караханянның пікірі бойынша, Армения Қазақстанның тәжірибесін өзінің стратегиялық жоспарларында пайдалану үшін алуына болады.
Ол сондай-ақ «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының Қазақстан үшін қуатты және гүлденген мемлекет құрылысының барлық мәнін ашып көрсететін терең символикалық мәні бар екенін атап көрсетті.
«Дөңгелек үстелге» қатысушылар Президенттің Қазақстан халқына Жолдауына жоғары баға берді, жаңа егеменді Қазақстанды қаз тұрғызудағы және дамытудағы, өңірлік интеграция үдерісіндегі бастамаларды іске асырудағы, әділетті әлемдік тәртіпті және жаһандық қауіпсіздікті құру ісінде әлемдік қоғамдастықты біріктірудегі Н.Назарбаевтың елеулі үлесін атап кетті.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады