- Басты
- Жаңалықтар
- Қаржы полициясы агенттігі мен Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Қаржы полициясы агенттігі мен Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Меморандум бірлескен іс-шараларды іске асыруды, бизнестің дамуына кедергі болатын жүйелі мәселелер мен кедергілерді анықтауды, кәсіпкерлік субъектілердің қызметін заңсыз тексерулерге жол бермеуді көздейді.
Бұл мақсатта қаржы полициясы мен Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы жұмыс кездесулерін өткізіп, бірлескен бағдарламалар әзірлеп, кеңес органдары мен жұмыс топтарын құратын болады.
Меморандум шеңберіндегі тиімді ынтымақтастық мақсатында Агенттік төрағасының орынбасары А.Боданов пен Кәсіпкерлердің ұлттық палатасының басқарма төрағасы А.Мырзахметов Меморандумды жүзеге асырудың жоспарына қол қойылды.
«Агенттік 2012 жылдан бастап кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді оптимизациялау және бизнеске қысымды бәсеңдету бойынша жүйелі шаралар қабылдауда», - Р.Түсіпбеков деп атап өтті.
Домалақ арыздар бойынша тексерулер жүргізу фактілері жойылды, кәсіпкерлерден жауап алу үшін шақыру және құжаттарды алу алдын ала тексерістен кейін ғана іске асырылады, азаматтық-құқықтық қарым-қатынастарға араласуға, кәсіпкерлік қызметті тоқтатуға, жалпы қылмыстар бойынша және қылмыстық жауапкершілік басталатын табалдырық шектерінен аспаған жағдайларда тексерістер жүргізуге тыйым салынған.
Ахуалдық орталықты құру арқасында қаржы полициясы бизнесті жаппай тексеруден бас тартып, өз жұмысын тек қана экономиканың көлеңкелі секторындағы заңсыз іс-қимылдарды және бюджет қаражаттарын ұрлау фактілерін анықтауға бағыттады.
Ахуалдық орталық мемлекеттік органдардың мәлімет базалары мен ашық ақпарат көздерін пайдалану арқылы кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне араласпай, көлеңкелі және сыбайлас жемқорлық схемалардың алдын алуға және анықтауға мүмкіндік береді.
Қаржы полициясы агенттігінің төрағасы «Осылайша біз сырттай және кабинеттен шықпай, қылмыстық қызметтің сипаты бар-жоқтығы туралы қорытынды жасауға қажетті ақпарат көлемін жинауға, содан соң осының негізінде тексеруді бастауға шешім қабылдай аламыз» - деп түйді.
Жалпы соңғы 2 жылда қабылданған шаралар қаржы полициясының бастамасымен уәкілетті органдар жүргізген кәсіпкерлерді тексерулер санын 5 есеге азайтуға мүмкіндік берді.
2011 жылы 1715 тексеріс жүргізілсе, 2012 жылы - 1009, 2013 жылы тексерістердің саны 340-қа дейін азайтылды.
Сонымен бірге, 2013 жылы қаржы полициясы басқа мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының шағын және орта бизнеске араласуының 214 фактісін анықтады.
Р. Түсіпбеков Кәсіпкерлердің ұлттық палатасының жанында көлеңкелі экономиканың көлемін төмендету шаралары жасалып, талқыланатын билік пен бизнес қауымдастығының қатысуымен кеңесу органы - Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес құруды ұсынды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ведомствосының басшысы «Агенттік Кәсіпкерлердің ұлттық палатасын адал кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелеріндегі кемел серіктес ретінде санайды», - деді.
Сонымен қатар, ол қол қойылған Меморандум мен Іс-шаралар жоспарын іске асыру кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиімділігін арттыратынына сенім білдірді.
Р.Түсіпбеков аумақтық қаржы полициясы бөлімшелерінің барлық бастықтарына аумақтық кәсіпкерлер палаталармен ынтымақтастықты ұйымдастыруды тапсырды.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды