Мәскеуде ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды

1 Ақпан, 2014 10:50
Мәскеудің «Парламенттік газеттің» баспасөз орталығында Ресей Федерациясындағы ҚР Елшілігінің бастамасымен «Модернизациялық стратегиялар: Қазақстан және Ресей тәжірибесі» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Сыртқы істер ведомствосында хабарлағандай, аталған шара барысында ресейлік қоғамдық-саяси, іскер және сарапшы топтар «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты ҚР Президентінің жыл сайынғы Жолдауының негізгі қағидаларын талқылады.

«Дөңгелек үстел» жұмысына ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының Орынбасары Сергей Дьяченко бастаған парламенттік делегация, РФ Мемлекеттік Дума депутаттары, Мәскеу мемлекеттік университетінің, Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар институтының, Экономиканың жоғарғы мектебінің, Мәскеу халықаралық қатынастар мемлекеттік институтының беделді ғылыми қызметкерлері, атақты ресейлік сарапшылар мен саясаттанушылар, өнер зиялылары және жетекші қазақстандық-ресейлік БАҚ өкілдері қатысты.

Мемлекеттік Дума комитетінің өнеркәсіп бойынша мүшесі, ҚР Парламентімен ынтамақтастық жөніндегі парламентаралық топтың үйлестірушісі Олег Савченконың айтуынша, «Мемлекеттік Дума депутаттары ҚР Парламенті Мәжілісінің жұмысын шынымен қызық көреді және қазақстандық әріптестерінен тәжірибе жинақтайды». Бұл контекстте, ресейлік депутаттың пікірінше, Қазақстан және Ресей Елбасылары «екі ел дамуына қатысты жоғары планка мен таза кеудемсоқтық салады. Сөйтіп ресейлік және қазақстандық парламентарийлердің жұмысы стратегия анықталып қойғандықтан, тактиканы талқылауға бағытталады».

Пікір алмасу аясында посткеңестік мемлекеттер экономикасының дамуы РАН экономикалық институты посткеңестік зерттеу орталығы секторының меңгерушісі Елена Кузьмина Қазақстанның әрдайым өз бағдарламаларын айқын түрде жетілдіріп және орындайтынына назар аударған болатын. Ерекше мысал ретінде «2030-Стратегиясын» айтады.

МГИМО аналитикалық мониторингі ғылыми орталығының бас қызметкері Леонид Гусев өзінің сөзінде Қазақстанның әлемдегі алдыңғы 30 дамыған мемлекеттер қатарына кіру жолында басты бағдар ретінде экономикалық серіктестік және даму Ұйымының бірқатар қағидалары мен стандарттарын мақсат етіп қоюын атап өтеді.

Халықаралық “МИРБИС” жоғарғы биснес мектебінің проректоры, таяу шетел елдерімен жұмыс жасау орталығының директоры Анатолий Панов білім беру саласында, денсаулық сақтау және ғылым дамуы секілді фундаменталды түсініктермен қоса жолдауда кіші және орта бизнесті дамытуға ерекше назар аударылғанын мәлімдеді.
 

 

 

 

Барлық жаңалықтар