- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда емдеудің жоғары технологияларымен емделушілер саны 13 есеге өсті
Қазақстанда емдеудің жоғары технологияларымен емделушілер саны 13 есеге өсті
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, соңғы 3 жылдың ішінде жоғары технологиялар бойынша емған науқастар саны 13 есе артып, 52 мыңға жетті. Олардың ішінде 30 пайызын ауыл тұрғындары құрайды.
Сонымен қатар, азаматтардың 55% алысқа бармай-ақ, өз өңірлерінде облыстық немесе қалалық ауруханаларда жоғары технологиялармен емделген. Бұл жағдай ғылыми орталықтар және институттардан берілетін трансферттер көлемінің артуы есебінен мүмкін болып отыр.
Денсаулық сақтау саласында жоғары технологияларды белсенді енгізу елеулі экономикалық әсерін бере бастады. Айталық, бүйрек алмастыру үшін науқастар бұған дейін ауқымды қаржы жұмсалып, шетелдерге жіберіп келді. Егер 2009 жылы еліміз бойынша 4 адамға бүйрек алмастыру отасы жасалса, 2013 жылы 125 науқасқа бүйрек алмастырылды. Басқа да органдарды қосқанда былтыр жалпы 177 трансплантация жасалды.
Тұрғындар арасында жоспарлы емдеуге жатқызу үрдісінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында «Емдеуге жатқызу бюросы порталы» жұмыс істей бастады. Бұл портал азаматтарға ауруханаларды еркін таңдау құқығын жүзеге асыруға, стационарлар, емханалар және науқастар арасында өзара байланысты қамтамасыз етеді.
Айта кетейік, жоспарлы емделу үшін ауруханаларды еркін таңдайтын азаматтар саны жыл өткен сайын арта түсуде. 2013 жыл қорытындысында 830 мыңнан астам адам бұл құқығын пайдаланып, 3 жылда олардың саны 2,3 есеге көбейген. Және бұл үрдіс ауыл тұрғындары үшін де тән болып отыр.
-
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Эпидемиолог:Ревакцинацияға азаматтардың қызығушылығы жоғары -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді