• Басты
  • Жаңалықтар
  • Білім беру саласының өкілдері Мемлекет басшысына қамқорлығы үшін алғыс білдірді

Білім беру саласының өкілдері Мемлекет басшысына қамқорлығы үшін алғыс білдірді

1 Ақпан, 2014 09:30
Елдің білім беру саласының өкілдері Мемлекет басшысына қамқорлығы үшін алғыс білдірді, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Петропавл Классикалық гимназиясының ұжымы жолдаған хатта білім беру қызметкерлерінің еңбекақысын 29%-ға арттыру және 2017 жылға қарай үш ауысым бойынша оқытуды жою туралы шешім орта білім беру сапасын арттырып қана қоймай, барлық педагогтарды ынталандыра түсетіні де атап өтілген. Сондай-ақ, осындай пікірге Балқаш қаласындағы білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақтары қалалық комитетінің төрайымы Г.Колесникова және Теміртау қаласының Орталық кітапханалар жүйесінің қызметкерлері де қосылады»,- делінген хабарламада.

 «Медицинаның барлық саласын жақсарту жайын ойлайтын қамқоршы адам ретіндегі Сіздің ойларыңыз денсаулық сақтау жүйесі қызметкеріне, маған түсінікті әрі жақын», – делінген хатта. Петропавл қалалық әйелдер консультациясы, Ақмола облысындағы Еңбекшілдер аудандық емханасы, Солтүстік Қазақстан облыстық ауруханасының ұжымдары да осындай пікірде.

Еліміздің білім беру мекемелерінің өкілдері осы салаға Мемлекет басшысының көңіл бөліп отырғаны үшін ризашылық білдіреді.

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Маңғыстау энергетикалық колледжі, Атырау аграрлық-техникалық колледжі ұжымдары биылғы Жолдау еліміздің бірқатар салаларын дамытуға, сондай-ақ ғылымға негізделген экономиканы құруға қуатты серпін беретініне сенім білдірген.

Еліміздің студент жастары, атап айтқанда, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің студенттері, Солтүстік Қазақстан облыстық Студенттер альянсының, Қарағанды облысындағы жастар бірлестіктерінің мүшелері Мемлекет басшысының әрбір Жолдауы маңызды екенін атап өтіп, стипендияны арттырудың жоспарланғанына ризашылықтарын білдірген.

Ақмола облысы Аршалы ауданындағы жас буынның 7 мың өкілі атынан Жастар форумына қатысушылар және Солтүстік Қазақстан облыстық «Эмпирикалық әлеуметтік технологиялар орталығы» ҚБ мүшелері «Қазақстан – 2050» стратегиясында алға қойылған міндеттерді іске асыру үшін барлық күштерін салатындықтарына сендірген. 

 

Барлық жаңалықтар