- Басты
- Елбасы Жолдауы болашаққа сеніммен қарауға мүмкіндік береді - ҚР жұмысшылар ұжымы
Елбасы Жолдауы болашаққа сеніммен қарауға мүмкіндік береді - ҚР жұмысшылар ұжымы

«Еңбек ұжымдарының, ғылыми және мәдени және іскер топтардың, Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдарының өкілдерінен, сондай-ақ шетелдік азаматтардан келіп түскен хаттарда Мемлекет басшысының жылсайынғы Жолдауына жан-жақты қолдау көрсетіліп, қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға үнемі көңіл бөлініп отыратыны үшін алғыс білдірілген»,- делінген хабарламада.
Өз хатында В.Ведяев бұрынғы қазақстандықтардың – Ресей Федерациясы Смоленск облысы, Петрово кентінің тұрғындары атынан олардың елімізден тысқары жерде тұрып жатқанына қарамастан Мемлекет басшысының Жолдауын өте мұқият әрі мақтанышқа сезіміне бөлене отырып тыңдайтыны туралы жазған. Хат иесі мемлекеттің дамуының басты арқауының бірі тарих пен халықтың патриотизмі болып саналатынын атап өткен. Осы орайда, олар жаңа құжатты – «Мәңгілік Ел» Патриоттық актісін әзірлеу және қабылдау туралы шешімді ыстық ықыласпен қабылдаған.
Өз кезегінде Қазақстанның еңбек ұжымдары мен жекелеген азаматтары еңбек адамының бүкіл елдің игілігіне үлесін қосуына мүмкіндік беретін жан-жақты қолдау шараларына назар аударған.
Атап айтқанда, Қарағанды қаласындағы «Казахстанская» шахтасының, Алматы локомотив пайдалану депосының жұмысшыларынан, Солтүстік Қазақстан облысының еңбек ардагерлері И.Елеусізов, А.Липов, К.Калиева, Г.Кухарь, Ж.Ысқақовалардан келген хатта Жолдауда айтылған инновациялық экономиканы дамытудың маңызды бағдарламаларын іске асыру, еңбек мұраттары мен кәсіби шеберлікті қайта жаңғырту жөніндегі жүйелі шаралар жиынтығының болашаққа сеніммен қарауға мүмкіндік беретіні айтылған. Бұл пікірлер Солтүстік Қазақстан облысындағы Киров атындағы зауыттың, сондай-ақ Ақмола облысындағы кәсіпорындардың – «Степногорск подшипник зауыты» АҚ, «Щучинск қазандық-механикалық зауыты» ЖШС, «Қазгер ҚҰС» ЖШС Степняк құс фабрикасының, Бурабай аудандық телекоммуникация өндірістік торабының еңбекшілерінен келген хаттарда да қолдау тапқан.
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургтері Мемлекет басшысының еңбек адамы туралы ешқашан ұмытпайтынына ерекше тәнті екендіктерін білдірген.
«Еңбек жолыңызды біздің комбинатта бастаған Сіз металлургтер қалай тұратынын жақсы білесіз әрі түсінесіз. Металлург еңбегі ешуақытта да жеңіл саналмайтынына қарамастан, біз ертеңге күнге сеніммен қараймыз», – делінген хатта.
Ауыл шаруашылығын дамыту мәселесінің аса өзектілігін саланың Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының еңбеккерлері атап өткен.
«Біз Жолдауда Қазақстан ет пен сүт, сондай-ақ егін шаруашылығы өнімдерінің ірі өңірлік экспорттаушыларының бірі болуға тиіс және ауыл шаруашылығында бизнесті дамытуға, фермерлік кооперация мен жерді тиімді пайдалану үдерісіне нұқсан келтіретін барлық кедергілер жойылатын болады деп айтылған бөлігін зор ықыласпен тыңдадық», – деп жазады хат иелері.
Еліміздегі шағын және орта бизнес өкілдері, атап айтқанда, Қарағанды облысының Балқаш қаласынан хат жолдаған жеке кәсіпкер Д.Өтепова Мемлекет басшысының өздерін толғандыратын мәселелерге назар аударғанына ерекше тоқталып өткен.
«Биылғы Жолдау ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, дәстүрге айналуға тиіс отбасылық бизнесті дамытуға қуатты серпін береді. Кәсіпкерлер бизнестегі бастамаларды іске асыруға өз үлестерін қосып, еліміз одан әрі қуатты болып, ал халқымыз молшылық пен игілікте өмір сүруі үшін барлық күштерін салатынына мен де сенімдімін», – делінген хатта. Бұл тілектерге Солтүстік Қазақстан облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Н.Кукушкина мен Ақмола облысынан «Заречный» ЖШС басшысы У.Әріпов те қосылатындықтарын жазған.
-
Тоқаев жетінші шақырылған ҚР Парламентінің бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды
-
ҚР ИИДМ: Көлік құралдарын шығару - машина жасау өнеркәсібінің дамуына ықпал етті
-
SAILAU TALKS 2021: «Жаңа партиялардың пайда болуы - саяси мәдениетті жетілдіруге мүмкіндік береді»
-
Сайлау: ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев таңдау жасады
-
Сайлау: Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев дауыс берді
-
ҚР сайлау: Барлық сайлау учаскесінің жұмысы басталды
-
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев «жыл тұлғасы» атанды
-
Жаңа экологиялық кодекстің мүмкіндіктері мен ерекшеліктері
-
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің 2020 жылғы қорытындылары
-
Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары: Жұмысшылармен, кітапханашылармен, саудагерлермен кездесу
-
ҚР Төтенше жағдай министрі қар құрсауында қалмаудың жолдарын түсіндірді
-
ҚР экономикасы: Экспорт, импорт, инвестиция және экономиканы қолдау шаралары
-
ҚР Тұңғыш Президенті күні: Н. Назарбаевтың үздік бастамалары мен пайдалы шешімдері
-
«Н.Назарбаев: жаһандық ауқымдағы саясаткер». Қазақстан мен шетелдегі Елбасы пікірлестері халықаралық конференцияда бас қосты
-
«Елбасы бастамалары халықтың игілігіне қызмет етіп келеді»: сарапшылар пікірі

