• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР-ның кәсіпорындары мен колледждерінде оқу орталықтары мен полигондар ашылады - Е.Иманғалиев

ҚР-ның кәсіпорындары мен колледждерінде оқу орталықтары мен полигондар ашылады - Е.Иманғалиев

31 Қаңтар, 2014 17:46
ҚР-ның кәсіпорындары мен колледждерінде оқу орталықтары мен полигондар ашылады. Бұл туралы бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген отырысында БҒМ вице-министрі Есенғазы Иманғалиев мәлім етті.

«Министр жергілікті бюджетпен бірлесе тепе-тең қаржыландыру арқылы колледждерді заманауи технологиямен қамтамасыз етуді тапсырды Алдағы үш жылда материалдық техникалық базаны жаңарту үшін  13,4 млрд. теңге бөлу жоспарлануда. Нәтижесінде, еліміздегі оқу-өндірістік шеберханалардың техникалық жабдықталуы 30%-дан 60%-ға дейін көтеріледі», - деді Е. Иманғалиев.

Оның айтуынша, әкімдіктер мен жұмыс берушілер және ҚР ҰКП қазақстандық білім беру үлгісін жасайды.

«Соңғы кезеңде екі жақтан білім беру түсінігі айқындалып, дәл сондай құзырет Үкіметтік, жергілікті билік органдарының деңгейінде беріледі. ҮИИД МБ аясында кәсіпорындар мен колледждерде оқу орталықтары мен полигондар ашылады», - деп вице-министр атап өтті.

Сонымен бірге, «Кәсіпқор» холдингінің негізінде инженерлік-педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша жаңа жүйе жасақталады.

Осы жылы 500 ұстаз біліктілігін арттырса, 2015 жылдан бастап жыл сайын 5200 мұғалім білімін жетілдіретін болады.

«Жалпы, 3 жылда инженерлік-педагогикалық қызметкерлердің 20,2% сертификатталады. Бұдан басқа, техникалық және кәсіби білім жүйесі кәсіби стандартар мен халықаралық тәжірибеге сүйене отырып өзгертіледі. «Кәсіпқор» холдингісі техникалық кәсіби білім беру жүйесіне  халықаралық тәжірибелер көшірілетін болады», - деп вице-министр өз ойын қорытындалады.

Барлық жаңалықтар