- Басты
- Жаңалықтар
- 2014 жылы апаттардың медициналық госпиталін қондырғылармен жабдықтауға 600 млн теңге бөлінеді – В. Божко
2014 жылы апаттардың медициналық госпиталін қондырғылармен жабдықтауға 600 млн теңге бөлінеді – В. Божко
«Президент денсаулық сақтау саласында басты жетістікті таңдады – алғашқы медициналық көмек көрсетуді дамыту. ҚР ТЖМ жедел медико-санитарлық қабылдау жүйесін одан әрі дамытатын болады. Темір жол медициналық мекемелерін медициналық техникамен қамтамасыз ету үшін республикалық бюджеттен 2014 жылы 595,2 млн теңгені бөлу қарастырылған», - деді В. Божко.
Оның айтуынша, жыл басынан бері «Апаттардың темір жол медициналық госпиталі» АҚ-ның күндізгі және тәулік бойғы госпиталдерінде 5 мыңнан астам пациент емделіп, 1 мыңнан астам хирургиялық операция жасалып, поликлинаға келгендер саны 160 мыңды құраған.
«Елордалық Орталық жол ауруханасының госпиталінде заманауи теңдессіз құрылғының көмегімен көз микрохирургиясы бойынша жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетілді. 3 жылдың ішінде әр түрлі саладағы 1090 операция жасалса, соның 60-ы биылғы жылдың қаңтар айында жасалған»,- деді В.Божко.
Министрдің айтуынша, «Деңсаулық»,«Жәрдем» және «Саламатты Қазақстан» мамандандырылған поезы алдағы уақытта дамытылатын болады.
«Денсаулық» поезы ОҚО халқына 2014 жылдың 4 ақпанын бастап қызмет көрсете бастайды. Ал 1 наурыздан бастап «Жәрдем» Маңғыстау облысына аттанады. Өз кезегінде «Саламатты Қазақстан» 29 наурыздан бастап Қарағанды облысы тұрғындарының игілігіне ұсынылады.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Эпидемиолог:Ревакцинацияға азаматтардың қызығушылығы жоғары -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау