- Басты
- Жаңалықтар
- ТЖМ: 2014 жылы Ақтөбе облысы қар үйінділері бойынша бірінші орында тұр
ТЖМ: 2014 жылы Ақтөбе облысы қар үйінділері бойынша бірінші орында тұр
31 Қаңтар, 2014 16:37
Ақтөбе облысы – қар басу жағынан 2014 жылы бірінші орында тұр. Бұл жайлы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі «Мемлекет басшысының Қазақстан халқына «Қазақстандық жол-2050»: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауындағы 2014 жыл тапсырмалары туралы» брифингінде төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко мәлімдеді.
«Қар басу жағынан биылғы қыста Ақтөбе облысы бірінші орында тұр. Көліктер қар құрсауынан шыға алмай, негізгі жұмыстар Самара-Шымкент, Ақтөбе-Ор, Ақтөбе-Астрахан тас жолдарының Хромтау қаласынан бастап Қостанай облысының шекарасына дейінгі учаскілерде жүргізілді», - дейді В.Божко.
Осыған орай, облыстың ТЖД-де шараларды басқару мен қауіптің алдын алу үшін жедел штаб құрылған.
Жыл басынан бері бұл өңірде 2 мыңдай адам мен 850 техника құтқарылған.
Сонымен қатар, министр Алматы облысының Үшарал-Достық жолын да атап өтті. Бұл жер де қыста жолаушылардың қатынауына қиындық тудырған. Биыл бұл жерден де 146 адам құтқарылған.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр