• Басты
  • Жаңалықтар
  • А. Сәрінжіпов: 2016 жылы елімізде үш ауысымда жұмыс істейтін мектептер 13 есеге, апатты жағдайдағылар 2 есеге төмендейді

А. Сәрінжіпов: 2016 жылы елімізде үш ауысымда жұмыс істейтін мектептер 13 есеге, апатты жағдайдағылар 2 есеге төмендейді

31 Қаңтар, 2014 16:22
Қазақстанда 2016 жылы үш ауысымда жұмыс істейтін мектептер 13 есе, апатты жағдайдағылар 2 есе төмендейді. Бұл туралы бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген отырысында ведомство басшысы мәлім етті.

«Елбасының тапсырмасы бойынша 2014-2016 жылдар аралығында министрлік 192 мектепті салуды көздеп отыр. Бұл өз кезегінде 2016 жылы үш ауысымда жұмыс істейтін мектептер санын 13 есе, апатты жағдайдағыларды 2  есе төмендетуге мүмкіндік береді. Алайда,  белгіленген межеге жетуде күрделі жөндеуді тіркейтін мониторинг пен бағалаудың уақытылы жүргізілуі де маңызды», - деді А.Сәрінжіпов.

Бүгінгі мәліметтер бойынша елімізде 1372 мектеп күрделі жөндеуден өту керек.

«Алайда, уәкілетті органдар тек 439 мектепке жөндеу өткізуді қарастырған. Облыстық басқармалардың басшыларына бұл сұрақты елемеу, елдегі апатты жағдайдағы мектептердің ахуалын қиындатып жіберетінін ескерткім келеді. Оның үстіне қазіргі таңда елімізде уақыты өткен сабан кірпіштен салынған 768 мектеп жұмыс істеуде», - деді ведомство басшысы.

Осыған орай, миинстр жергілікті білім басқармаларының басшыларына мектептердің 100%  күрделі жөндеуден өтуін қатағалауды тапсырды.

 «Егер тапсырма орындалмайтын болса, апатты жағдайдағы мектептер саны көбейеді. Сол кезде барлық жауапкершілік білім басқармаларының басшыларына жүктеледі. Сондай-ақ, мектепті салуды жоспарлауда нақты демографиялық ахуалды есепке алған жөн. Бұл мәселе бұдан былай біздің назарымызда болады», - деп министр өз ойын қорытындылады.

Барлық жаңалықтар