• Басты
  • Жаңалықтар
  • В. Божко: ЭКСПО-2017 нысандарына қызмет көрсету үшін 2 өртке қарсы депо салу қажет

В. Божко: ЭКСПО-2017 нысандарына қызмет көрсету үшін 2 өртке қарсы депо салу қажет

31 Қаңтар, 2014 16:08
ЭКСПО-2017 көрмесінің болашақ нысандарын өрттен сақтау үшін екі депо мен Орталық өңірлік әуемобильді жедел-құтқару жасағының базаларын салу керек. Бұл туралы бүгін ОКҚ ҚР Төтенше жағдайлар министрі В. Божко мәлім етті.

 «ЭКСПО-2017  көрмесінің болашақ нысандарын өрттен сақтау үшін екі депо мен Орталық өңірлік әуемобильді жедел-құтқару жасағының базаларын салу керек», - деді В. Божко.

Ведомство басшысы бұл сұрақтың өзге де министрліктердің тізгінін ұстаған азаматтармен талқыланғанын тілге тиек етті.

«Осы мақсатта біз бірқатар кездесулер өткізіп, Алдағы уақытта не істейтінімізді белгілеп алдық. Енді ЭКСПО-2017  көрмесіне дейін екі нысанды салу мәселесі шешіледі деп ойлаймыз», - деді министр.

Универсиада-2017 спорттық нысандарға өрт қауіпсіздігі бойынша қызмет көрсетуге қолданыста бар бөлімшелер мен  2014 жылы пайдалануға берілетін Алматы қаласы «Ақбұлақ» шағын ауданында орналасатын, 6 автокөлікке арналған депо тартылады. 

««Ақбұлақ» шағын ауданындағы депо сол аймақта тұратын Универсиадаға қатысушыларға қызмет көрсетуге мүмкіндік береді», - деді В. Божко.

Барлық жаңалықтар