- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Қаппаров ҚР ҚОҚМ-да сыбайлас жемқорлықпен қалай күрес жүргізіліп жатқанын баяндады
Н.Қаппаров ҚР ҚОҚМ-да сыбайлас жемқорлықпен қалай күрес жүргізіліп жатқанын баяндады
«Конференция барысында Н. Қаппаров ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігінің жемқорлықа қарсы жүргізілетін іс-әрекеттері жөнінде баяндама жасады», - делінген хабарламада.
Жемқорлықа қарсы күрес ҚР ҚОҚ министрлігінің стратегиялық бағыттарын құру және жүзеге асыру ісінің маңызды құрамдас бөлігі ретінде ведомствода қабылданған жоспар аясында жүргізіледі. Өткен жылы «Нұр Отан» ХДП жанындағы Жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелерінің ведомство жүйесінде жемқорлыққа қатысты заң бұзушылықтарға жол беретін келеңсіз факторларды жоюға қатысты ескертулері мен ұсыныстары ескеріліп, түзетілген.
«Қоғам алдындағы ашықтық пен қызметтің жеделдігін қамтамасыз ету мақсатында Экологиялық реттеу және бақылау комитетінде қайта құру жүргізілді. Нәтижесінде экология департаменттері бассейндік басқару қағидаттарынан территориялық принциптерге көшірілді. Комитет пен департамент қызметкерлері арасында қадрларды алмастыру жүргізілді», - деді Н.Қаппаров.
Министр, қолға алынған Жемқорлыққа қарсы кешенді іс-шаралар мен ел аймақтарында алдын ала жұмыстарды жүргізу нәтижесі ретінде осы бағыттағы заң бұзушылықтар мен қылмыстардың айтарлықтай азайғанын атап өтті.
«Айталық, егер 2010 жылы жемқорлыққа қатысты қылмыс жасағаны үшін 8 қызметкер сотталса, 2011 жылы оның саны 2-уге дейін азайды, ал 2012 жылы заң алдындағы қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған. Ал жемқорлыққа қатысты заң бұзушылық үшін 2010-2011 жылдары 22 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылса, 2012 жылы бұл көрсеткішке ілінген адамдар саны 3-ке дейін төмендеген», - деді Н.Қаппаров.
Министрдің айтуы бойынша, 2012 жылы жүргізілген тексерулер саны едәуір азайғанымен, олардың нәтижесі жақсарған. Былтырғы жылы еліміздегі шаруашылық субъектілерінде 7 639 тексеру өткізіліп, экологиялық заңнаманың талаптары 7 мыңнан астам рет бұзылғаны анықталды. Осы орайда 6,5 мың ұйғарым тапсырылып, жалпы сомасы 9 миллиард теңгеден асатын әкімшілік айыптар салынды.
Сонымен қатар, экологиялық реттеу және бақылау комитеті мен аймақтық департаменттер сот органдарымен бірлесіп, жер қойнауын пайдаланушы кәсіпорындарға салынған айыппұлдарды шүбәсіз өндіру жұмыстарын жүргізуде табандылық танытып, соттар тарапынан даулы істерге қатысты оң шешімдерге қол жеткізіп отыр.
Соның нәтижесінде былтырғы жылы мемлекет пайдасына, оның ішінде өткен жылдарда шығарылған сот шешімдерін қосқанда, жалпы сомасы 10 миллиард теңгеден астам әкімшіліктік айып өндірілді. Бұл 2011 жылғы көрсеткіштен 4,6 есе көп (2,2 млрд. теңге).
2012 жылы келтірілген залал үшін салынған айыппұлдарды өндірудің арқасында жалпы сомасы 37 миллиард теңгеден астам қаржы мемлекет қазынасына құйылды. Бұл 2011 жылғы көрсеткіштен 2 есеге жоғары нәтиже (16,1 млрд. теңге).
Н.Қаппаров сөз соңында алдағы уақытқа жоспарланған іс-әрекеттерді, сонымен қатар еліміздің 2050 жылға дейінгі стратегиялық дамуының жаңа міндеттеріне тоқтала келе, министрліктің түпкі мақсаты – мемлекеттегі экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету, сондай-ақ, азаматтардың таза қоршаған ортаға деген құқықтарын қорғау аясында жүргізілетін жемқорлықпен күрес ісінің тиімділігін жоғарылату екенін атап өтті.
«Нұр Отан» ХДП ұйымдастырған конференция жұмысына партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, ҚР Парламенті депутаттары, Президент Әкімшілігінің, орталық және жергілікті атқарушы, сонымен қатар, құқық қорғау, қадағалау және бақылау органдарының, Конституциялық Кеңестің, Жоғарғы соттың, «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ-ның, ғылыми қауымдастықтың, саяси партиялардың, халықаралық, үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Цифрландыру: Елімізде IT-индустриясы қалай дамып жатыр -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
МӘМС: Сақтандырылмаған тұрғындар кімдер және олар қалай тіркеледі -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері