• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2014 жылы Астана, Алматы және Маңғыстау облыстарындағы өрт сөндіру депосының құрылысы аяқталады - В.Божко

2014 жылы Астана, Алматы және Маңғыстау облыстарындағы өрт сөндіру депосының құрылысы аяқталады - В.Божко

31 Қаңтар, 2014 15:47
2014 жылы Астана, Алматы және Маңғыстау облыстарындағы өрт сөндіру депосы мен Қарағанды облысы Приозерск қаласындағы су құтқару станциясының құрылысы аяқталады. Бұл туралы бүгін ОКҚ өткен брифингте ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко хабарлады.

«Орталықтағы жергілікті басқару органдарымен  төтенше жағдайда қолдануға болатын инфрақұрылымдарды дамыту бойынша жұмыстар жалғастырылады. 2014 жылы Астана, Алматы және Маңғыстау облысындағы өрт сөндіру депосы мен Қарағанды облысы Приозерск қаласындағы су құтқару станциясының құрылысы аяқталады», - деді В. Божко.

Сонымен қатар, ведомство басшысы ағымдағы жылы Көкшетау, Ақтөбе, Қарағанды және Шымкент қалаларында өртке қарсы деполардың құрылысы жалғасатынын тілге тиек етті. 

Биыл Ақтөбе қаласындағы Ілек  өзенінің бойында су құтқару орталық станциясының құрылысы да жалғасады.

«Соңғы үш жылда өртке қарсы қызмет бойынша нысандарды салу қарқынды жүріп жатыр. Бұл ел экономикасының серпінді дамуының арқасында жеткен жетістік. Бүгінде инфрақұрылымды дамыту үшін әдеттегіден көбірек қаржы бөлінуде. Ал, жаңадан салынған  нысандар өртке қарсы әрекет етудің уақытын азайтып, адамдардың суда қайтыс болу деңгейін төмендетеді», - деп министр түсіндіріп өтті.

Барлық жаңалықтар