• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан Жапониямен бірігіп ғылымды қажет ететін өндіріс құруға қызығушылық танытуда – Мемлекет басшысы

Қазақстан Жапониямен бірігіп ғылымды қажет ететін өндіріс құруға қызығушылық танытуда – Мемлекет басшысы

31 Қаңтар, 2014 14:40
Бұл туралы бүгiн Ақордада шетел елшiлерінен сенiм грамотасын қабылдау рәсімінде ҚР Президентi Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Жапониямен бірігіп ғылымды қажет ететін өндіріс құруға қызығушылық танытып отырғанын айтты, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

 «Қазақстан Жапониямен өзара тиiмдi ынтымақтастықты дамытуға мүдделілік танытуда. Бiз Сiздердiң мемлекеттерiңiздi Азия-Тынық мұхиты аймағындағы маңызды стратегиялық серiктестердiң бiрi ретiнде қарастырып отырмыз. Қазiргi күннiң өзiнде екi ел арасында өте тығыз тиiмдi байланыс орнаған. Бiзде барлық деңгейде конструктивтi, әрi тиiмдi диалог бар. Екi жақты құрылымдар тиiмдi қызмет етiп, келiсiм мен құқықтық база нығаюда.Бұл үрдiс бүгiнде орын алып отыр. Жуық арада қабылданатын экономикалық және инвестициялық қатынастарды нығайтудың жол картасы осы мақсатта жұмыс iстейді деп үмiттенемiн.», - дедi Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ , ол  елдер арасындағы кең ауқымды сауда-экономикалық ынтымақтастыққа жағдай жасайтын инвестицияларды ырықтандыру, өзара қорғау және көтермелеу туралы келiсiмге қол қоюды жетелдету қажеттігін атап өтті.

 

Барлық жаңалықтар