- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан-Ресей әріптестігінің әскери мәселелері алдағы 15-20 жылда қаралатын болады – С.Шойгу
Қазақстан-Ресей әріптестігінің әскери мәселелері алдағы 15-20 жылда қаралатын болады – С.Шойгу
«Бізді алаңдатып отырған бірқатар қатерлердің бар екені рас. Менің айтпағым қазіргі ҰҚКҰ мен біздің өзге де ұжымдық күштеріміздің ахуалы. Біз қазір келетін кез келген қатерге дайын екенімізге көз жеткізуіміз керек. Бірінші кезекте Ауғанстан мәселесіне қатысты жағдайлар шешімін табу керек. Биыл коалициялық күштер өзінің негізгі күшін Ауғанстаннан алып шығады. Әрине, бұл қазір айтарлықтай қауіпті жағдай емес, алайда алдағы уақытта бұл елдің тұрақтылығын сақтау үшін қазірден бастап шараларды қолдануымыз керек», - деді С.Шойгу.
РФ қорғаныс министрінің айтуынша, қазақстандық-ресейлік әріптестігінің стратегиялық маңызы орасан.
«Біз қазіргі жағдайды ғана бақылауда ұстап қоймай, алдағы 15-20 жылда алдымыздан шығуы мүмкін қауіп-қатердің алдын алуымыз керек», - деді министр.
«Қорғаныс саласындағы Қазақстан-Ресей қатынасы бүгінде оң бағыт бойынша даму үстінде. Біз алдағы уақытта бұл ынтымақтастықты әлі де тең құқылы және екі жаққа да пайдалы болатындай етіп дамытуға мүдделіміз», - деді ҚР қорғаныс министрі Ә.Жақсыбеков өз кезегінде.
Естеріңізге сала кетейік, 30 қаңтарда Ресей Федерациясының қорғаныс министрі Сергей Шойгу Қазақстан Республикасына жұмыс сапарымен келген еді.
Әділбек Жақсыбеков пен Сергей Шойгу өткен жылдың әріптестік қорытындысын шығарып, алдағы уақыттағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Тараптар қорғаныс саласындағы бірқатар мәселелердің басын ашып, екіжақты әскери және әскери-техникалық әріптестігінің дамуына тоқталды.
-
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер