- Басты
- Жаңалықтар
- 2013 жылы ҚР мен РФ арасындағы әскери тауар айналым 140 млн долларды құрады – Ә. Жақсыбеов
2013 жылы ҚР мен РФ арасындағы әскери тауар айналым 140 млн долларды құрады – Ә. Жақсыбеов
«Сергей Шойгудың сапары Жоғары Қолбасшылар берген тапсырсырмаларды жүзеге асыру болып табылады. Екі жақты мемлекеттің әскери саласындағы ынтымақтастықтың белсенді дамуы, өткен жылдың тауар айналымымен салыстырғанда осы жылы тауар айналым 140 млн долларды құрады», - деді Ә. Жақсыбеков.
ҚР Қорғаныс ведомствосының басшысы Қарағанды түбіндегі «Спасск» орталығында «Әрекеттестік-2014» жаттығуын өткізуді ұсынды.
«Сондай-ақ, біз осы жылы жүзеге асыратын жоспарымызды, атап айтатын болсақ, Қазақстанның аумағындағы тәжірибелік полигондарды пайдалану мен әскери-ғарыштық сала бойынша ақпарат алмасуды дамыту, киберқауіп пен терроризмге қарсы бірлесе әрекет ету мәселелерін талқыладық. Осы сұрақтар бойынша біз өзара түсіністікке қол жеткізіп, бірлесе жұмыс істеуімізді одан әрі дамытамыз деп отырмыз», - деп ведомство басшысы өз ойын толықтырып өтті.
Жалпы, екі елдің ведомство басшылары Әуе қорғанысының бірыңғай жүйесінің бүгінгі жағдайын талқылады.
Сонымен қатар, әскери-техникалық әріптестік, Ресейдің Қазақстандағы тәжірибелік полигондарын жалға алуы және қолдану мәселелері қаралды.
Бұдан басқа, Қазақстан мен Ресейдің қорғаныс министрлері әскери білім саласы бойынша өзара әрекет мәселесін де назардан тыс қалдырмады. Әділбек Жақсыбеков Сергей Шойгуға ҚР ҚМ Кадеттік корпусында ресейлік азаматтарды ақысыз білім алуға жіберуді ұсынды.
Кездесудің қорытындысы бойынша Әділбек Жақсыбеков пен Сергей Шойгу қорғаныс саласындағы қазақстандық-ресейлік ынтымақтастықтың даму динамикасына оң бағасын беріп, бүгінгі отырыс қорғаныс бағытындағы ынтымақтастықтың дамуына тың серпіліс беретініне сенім білдірді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы