• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қаржы полициясы органының ардагерлері Н.Назарбаев Жолдауында айтқан жемқорлықпен күресуді қолдайды

Қаржы полициясы органының ардагерлері Н.Назарбаев Жолдауында айтқан жемқорлықпен күресуді қолдайды

31 Қаңтар, 2014 12:37
Қаржы полициясы органының ардагерлері Н.Назарбаевтың Жолдауда шақырған жемқорлықпен күресуді қолдайды.

«Қаржы полициясы ардагері ретінде мен барлық құқық қорғау органдарына қатысты жерлеріне баса мән беремін. Мемлекет басшысының құқық қорғау жүйесінің алдына қойған маңызды тапсырмаларының бірі жемқорлықпен күрес пен жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияны құру мен іске асыру болып табылады» , - дейді Қаржы полициясы органдары ардагерлері ұйымының төрағасы С.Тұрсынов.

Ол 2014 жылы қаржы полициясы өзінің құрылғанының 20 жылдығын атап өтетінін еске салды.

«Бүгінгі қаржы полициясы – мобильді, жақсы басқарылып жатқан орган. Онда мықты ұжым қалыптасып, экономикалық және жемқорлық құқық бұзушылықтардың барлық спектрімен күресуде жемісті еңбек етуде. Біз, мемлекеттік қызмет еңбегі ардагерлері, Қазақстан Республикасының халыққа Жолдауын бір ауыздан қолдаймыз. Барлық қазақстандықтарды 2050 Стратегиясының орындалуына үлес қосуға шақырамыз», - дейді С.Тұрсынов.

Барлық жаңалықтар