Ғылыми ойлау ұлттық басымдылыққа айналуда – В.Школьник

31 Қаңтар, 2014 10:11
Ғылыми ойлау ұлттық басымдылық болып келеді, дейді «Қазатомпром» Ұлттық атом компаниясы» АҚ басқарма төрағасы, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі Владимир Школьник ҚР Президентінің Жолдауы туралы.

«Президент Н.Назарбаев өз Жолдауында алдағы 10-15 жылда ғылымды қажет ететін экономика негізін құру керек екенін, олсыз біздің дамыған елдермен тереземіз теңеспейтінін айтады. Және бұл мәселенің дамыған ғылым базасымен ғана шешілетінін мәлімдеді. Бұны елдің мойнына міндеттейді. Қазіргі кезде шынымен де әлем ғылыми-технологиялық революцияны бастан кешуде. Жаңа технологияларды құру үшін көптеген елдер күш салуда. Қай ел инновацияны игеретін болса, сол әлемде басымдылыққа ие болмақ», - деді В.Школьник.  

Оның айтуынша, Мемлекет басшысы өз Жолдауында атом энергетикасына қатысты өзінің пайымын анық көрсетті.

«Біз қазір атом станциялары есебінен генерациялық энергетикалық жаңа қуатты дамытуымыз керек. Ол үшін елімізде барлық алғышарттар жасалған: уран қоры жеткілікті, тәжірибелі мамандар бар, ғылыми база қолымызда, тәжірибелік реакторлардан бастап жедел нейтронды өнеркәсіптік реакторларға дейінгі ядролық энергетикалық құрылғыларды 40 жыл бойы сәтті қолданып келеміз», - дейді В.Школьник.

«Қазатомпром» Ұлттық атом компаниясы» АҚ басқарма төрағасының айтуынша, Президент алдымызға нақты тапсырмаларды берді, ендігісі біздің, азаматтардың еңбегіне тиесілі.

«Біздің қазір Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауымызға байланысты еліміздің ғылымы мен экономикасы да соғұрлым алға жылжиды. Қазақстанның болашақ дамуы біздің еңбегімізге байланысты», - дейді басқарма төрағасы.

 

Барлық жаңалықтар