ҚР-да 2013 жылғы экономикалық қайта даму көрсеткіші 6% құрады - ЕҚДБ

31 Қаңтар, 2014 09:31
Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) аға экономистері «2013 жылдың өту барысы» туралы баяндамаларын таныстырды.

«Қазақстандағы экономиканың өсу қарқыны сақталып отыр. Егер, 2012 ол 5% -ға өссе, 2013 жылы 6%  құрады», - деп  ЕҚДБ бас экономисінің орынбасары  Джероми Цеттелмейр хабарлады.

ҚР ЭБЖМ «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Әсет Ирғалиевтың айтуы бойынша, ЕҚДБ баяндамасында басты нәтиже ретінде халықтың барлық санаты үшін экономика мүмкіндіктерінің бірдей қолжетімді болуы атап өтілген.

«Мемлекеттің ашықтыққа қатысты қабылдаған реформаларына қолдау көрсетуде, мемлекеттік қызметкерлерді көтермелеуде  азаматтық қоғам мен медианың атқарар роліне  баяндамада ерекше көңіл бөлінген», - деп ЭБЖМ хабарлады.

Сонымен қатар, ЕҚҚДБ экономистері әлеуметтік интеграцияның реформа барысындағы маңызын атап өтті. Айта кетерлік жайт, аталмыш баяндама Қазақстанның ірі қалаларында ЕҚҚДБ мамандарымен таныстырылатын болады. 

Барлық жаңалықтар