• Басты
  • Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ әлемнің үздік ЖОО елулігіне енді

Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ әлемнің үздік ЖОО елулігіне енді

31 Қаңтар, 2014 09:00
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті әлемнің үздік ЖОО елулігіне енді.

ЕҰУ-да хабарлағандай, білім беруді бағалау саласындағы көшбасшы Quacquarelli Symonds (QS) халықаралық компаниясы рейтингтің жаңа нәтижесін жариялады - QS Top 50 Under 50. Аталмыш рейтингіге жарты ғасырдан астам уақыт өтпей, ашылған әлемнің ең үздік 50 ЖОО кірген. Еуразия ұлттық университеті 32-ші орынға табан тіреді.

Рейтингтің қалыптасу әдіснамасы QS World University Rankings рейтингісін саралау әдістемесіне ұқсайды. Және ЖОО-лардың ғылыми-зерттеу қызметінің белсенділігі мен сапасы, оқыту және интернационалдандыру, мансап әлеуеті, жұмыс берушілердің пікірі және басқа да белгілер арқылы ЖОО-ларды салыстыруға мүмкіндік бермек. QS Top 50 Under 50 рейтингісінің жалпы тізіміне Гонконг, Сингапур, Оңтүстік Корея, Малайзия, АҚШ, Испания, Нидерланды, Финляндия, Австралия, Швеция, Бельгия, Тайван, Ұлыбритания, Канада, Жапония, Бразилия, Германия, Норвегия, Дания, Аргентина, Италия, Израиль, Португалия, Франция және Сауд Арабиясы сынды елдердің ЖОО-лары кірген.

Сондай-ақ, Еуразия ұлттық университеті аталмыш рейтингіге енген ТМД-ның жалғыз жоғары оқу орны. Мұндай жоғары деңгейдегі халықаралық мойындау университеттегі білім беру сапасының артқандығын, сондай-ақ, оның әлемдік білім беру кеңістігіндегі жоғары стандарттарға сай екендігін дәлелдемек.

Бүгінде Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ бизнес пен құқық, техника мен технологиялар, құрылыс, жаратылыстану мен гуманитарлық ғылымдар, республика дамуының басым бағыттары бойынша ғылыми зерттеулер саласында мамандандыратын біліктілігі жоғары кадрларды даярлаудағы Қазақстанның алдыңғы қатарлы университеттерінің бірі болып табылады. Университет қызметінің нәтижесі ретінде ҚР БҒМ Ұлттық аккредиттеу орталығы тарапынан өткен Қазақстан ЖОО-ларының білім беру бағдарламалары рейтингісіндегі алғашқы орынға ие болғандығын айтуға болады. Бұл ретте ЕҰУ еліміздің ең үздік көпбейінді ЖОО атанды.

Қазіргі таңда ЕҰУ Білім беру сапасын қамсыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігiнің қорытындысы бойынша Қазақстанның ЖОО-лары арасындағы бас рейтингіде алғашқы орында. 2013/2014 жылғы QS World University Rankings университеттердің әлемдік рейтингісі бойынша Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті алдыңғы жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 66 сатыға көтеріліп, әлемнің кеңінен танылған университеттер тізімі ішінен 303-ші сатыдан көрінді.

 

Барлық жаңалықтар