- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР СІМ басшысы Е.Ыдырысов өзінің еуропалық турнесін Латвияға сапармен аяқтады
ҚР СІМ басшысы Е.Ыдырысов өзінің еуропалық турнесін Латвияға сапармен аяқтады
СІМ-де хабарлағандай, 2000 жылдан бері Қазақстан Сыртқы істер министрінің Латвияға алғашқы сапары Еуроодақпен ынтымақтастықты белсендендіруге бағытталған еуропалық турне тұжырымдамасына үйлесімді өтті. Белгілі болатындай, 2014 жылы Рига кәрі құрлықтың мәдени астанасы деген ресми атауға ие, ал келесі жылы Латвия Еуропа Кеңесінің төрағалық тізгінін ұстайды.
Сапар күн тәртібінің негізгі бөлігі Е.Ыдырысовтың Латвияның шет елдердегі Төтенше және Өкілетті Елшілерінің жыл сайынғы кездесуінде сөз сөйлеуі болды. Елшілік корпустың Ригадағы кеңейтілген жиналысының басты тақырыбы алдағы уақыттағы Еуропа Кеңесіндегі төрағалығы болды және латвиялық тарап іс-шарада сөз сөйлеуге бірнеше шетелдік дипломаттарды шақырды, олардың ішінде: Литва Сыртқы істер министрі Линас Линкявичюсты, бұл ел 2013 жылы Еуроодақтың басты саяси институтын басқарған; Еуропалық дипломатия басшысы Кэтрин Эштонды; сонымен қатар Орталық Азиямен қарым-қатынасты нығайту ЕО-дағы латвиялық болашақ төрағалығының басымдықтарының бірі болып табылғандықтан, ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовты шақырды.
ҚР СІМ басшысы өз сөзінде латвиялық дипломаттарды Қазақстанды Еуропа мен Азия арасындағы көпір болып табылатын кеңістік ретінде қарастыруға және бұл толығымен ресми Риганың «шығыстық әріптестік» пен Орталық Азия аймағында ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған жеке ұмтылыстарына сәйкес келеді. Белсенді сұрақтар мен жауаптар сессиясы барысында латвиялық дипломаттардың қызығушылығын Қазақстанның еуропалық бағыттағы басымдықтары тудырды, оның ішінде Е.Ыдырысов Еуроодақпен кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы Келісімге қол қою, қазақстандық азаматтарға визалық талаптарды жеңілдету, сонымен қоса сауда-экономикалық және инновациалық-технологиялық өзара ықпалдастықты тереңдету мәселелерін атап өтті.
Ригаға сапары аясында қазақстандық дипломат бірқатар екіжақты форматтағы кездесулер өткізді, оның ішінде Латвия Республикасының Президенті Андрис Берзиньшемен кездесті.
Қазақстандық-латвиялық ынтымақтастықтың динамикасына алдыңғы жылғы А.Берзиньштың Астанаға сапары барысында орын алған жоғары деңгейдегі келіссөздер ерекше серпін берді. Қазіргі уақытта екі елдің үкіметі аталған келіссөздер барысында қол жеткізілген келісімдерді іске асыру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Мұнда бірқатар тапсырмалар, соның ішінде «Балтика Транзит» и «Балтика Транзит-2» контейнерлік поездардың тасымалдау мүмкіндіктерін ұтымды пайдалану, Қазақстан мен Латвия арасында тікелей әуе байланыстардың ашылуы, туризм саласындағы ынтымақтастық және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу мәселелері айтылуда.
А.Берзиньшпен кездесу барысында сұхбаттасушылар өзара қызығушылық танытқан кең ауқымды мәселелер аясын талқыға салды. Екіжақты ынтымақтастықты дамытуға түрткі болатын экономиканы жандандыру қажеттігі ерекше атап өтілді. Бұдан бөлек, тараптар тасымал-көліктік, мәдени-гуманитарлық, шағын және орта бизнес, ЕО мен Еуропа Кеңесі шеңберіндегі ынтымақтастық сияқты болашағы бар салалардағы өзара іс-әрекетті талқылады.
Латвия Республикасының Сейм Төрағасы Солвита Аболтинямен кездесу барысында екі ел арасындағы парламенттік байланыстарды нығайту талқыға салынды. Біздің елдерімізде табысты жұмыс жасап жатқан парламент аралық достық пен ынтымақтастық топтарының рөлі де атап өтілді. Латвиялық Сейм Спикеріне ҚР Парламент Мәжілісінің Төрағасы Н.Нығматуллиннің атынан Қазақстанға сапармен келуге шақыру берілді.
Сапар барысында сондай-ақ Е.Ыдрысовтың латвиялық әріптесі Эдгарс Ринкевичспен кездесуі болды. Екі мемлекет дипломатиялық ведомстволарының басшылары халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, келешекте екіжақты серіктестікті кеңейтіп, сонымен қатар көпжақты форматта өзара әрекет етуді талқылады.
Е.Ыдрысов Латвиямен көлік және логистика бағытындағы серіктестік болашағын атап айтты. “Еуропа логистикалық орталықтарына жол - өз жүктерімізді, сонымен бірге басқа да ТМД және ҚХР елдерінің жүктерін Латвия порты арқылы Еуропа нарығына және кері тиімді түрде тасымалдауға мүмкіндік береді”, - деп атап өтті ол. Мұндай серіктестіктің айқын мысалы ретінде вентспил портындағы Қазақстанға тиесілі дәнді дақыл терминалын айтамыз, бұл ЕО-тағы ҚР-нан әлемдік нарыққа дәнді дақылды ауыстырып тиеудегі бірінші қазақстандық объект болып табылады.
Сапар соңында ҚР СІМ басшысы ірі латвиялық БАҚ-ың бас редакторларымен кездесу өткізді.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Президент дипломаттарды кәсіби мерекесімен құттықтады -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Мемлекет басшысы журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады -
Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын жүрек» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
АҚИҰ мен «ҰАҒБО» КеАҚ ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды