- Басты
- Жаңалықтар
- 2013 жылы кәсіпкерлерді қолдау орталықтарына жүгінгендер саны 12%-ға артты – Қ.Бішімбаев
2013 жылы кәсіпкерлерді қолдау орталықтарына жүгінгендер саны 12%-ға артты – Қ.Бішімбаев
«2013 жылы 19 мыңнан астам бастауыш кәсіпкер біздің қорымыздан түрлі қызмет түрлерін алу мүмкіндігін иеленді. Сонымен қатар, осындай қызмет түрлерін пайдаланғысы келетіндер саны да жыл санап өсіп келеді. 2012 жылмен салыстырғанда «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ жанындағы кәсіпкерлерді қолдау орталығына келгендер саны 12 пайызға артты», - деді Қ.Бішімбаев.
Оның айтуынша, БЖК бағдарламасын іске асырған уақыт ішінде «Даму» қорының 1 мыңдай кәсіпкері 133 млрд теңгенің қызметін пайдаланды. Төленетін субсидия динамикасы жыл санап өсіп келеді.
Бішімбаевтың айтуынша, Қазақстанда кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары желісін кеңейту жоспарланып отыр. Оған алдағы уақытта тағы да қосымша бағдарламалар енгізілмек.
«Президент халықты бизнестің жаңа бағыттарына баулуға баса назар аударды. Яғни, адамдарға жаңа кәсіп ашу үшін ақыл-кеңес беру керек. Біздің қордың қызметінің аясында шағын кәсіпкерлік үшін осындай шаралар атқарылады», - дейді басқарма төрағасы.
Айта кету керек, қазіргі таңда Қазақстанда 17 кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары ашылды, 27 моноқалада кәсіпкерлікті қолдау орталықтары жұмыс істейді. Сонымен қатар, барлық өңірде «Даму» қоры тарапынан кәсіпкерлікті қолдаудың мобильді орталықтары жұмыс істеп тұр.
-
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Өндірістегі жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім 12,3%-ға төмендеді -
COVID: Әлемде вирус жұқтырғандар саны көбейіп, қайтыс болғандар көрсеткіші артты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды