• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2020 жылға дейін индустриялық бағдарламаны жүзеге асыру үшін 7 трлн теңге қажет – Қ. Бішімбаев

2020 жылға дейін индустриялық бағдарламаны жүзеге асыру үшін 7 трлн теңге қажет – Қ. Бішімбаев

30 Қаңтар, 2014 12:58
2020 жылға дейін индустриялық бағдарламаны жүзеге асыру үшін жалпы инвестициялар құны 7 трлн теңгені құрайды. Бұл туралы ОКҚ-нің баспасөз отырысында «Бәйтерек» Ұлттық басқару холдингінің» басқарма төрағасы Қуандық Бішімбаев мәлімдеді.

«Бүгінде кәсіпкерліктің күрделі факторларының бірі несиелік ресурстар болып есептеледі. Біздіңше, «Бәйтерек» холдингі несие негізін қамтамасыз  еткендіктен Мемлекет басшысы жүктеген тапсырмаларды жүзеге асыруға бағыт ұстауы керек», - деді Қ. Бішімбаев.

Сондай-ақ, ол «индустриялық  бағдарламаны 2020 жылға  дейін  жүзеге асыру  үшін 7 трлн теңге қажет» екендігін айтты.

«Бұл ауқым аясында біз өзімізге дамыту институты ретінде 5 жыл аумағында 1,5 трлн теңге инвестициямен қамтуды мақсатқа қойып отырмыз», - деді Қ. Бішімбаев.

Оның айтуынша, холдингта бар капитал нарықтардан тағы 1 трлн теңге тартуға қауқарлы.

« «Бәйтерек» холдингі осыншама қаржына қалай тартып жатыр деген сауалдар туындаса 1,5 трлн теңге бірнеше көздерден тартып отыр. Дегенмен, біз мемлекет пен Үкімет холдинг және институттарға капитализация арқылы  қолдау көрсетеді деген ойдамыз», - деді Қ. Бішімбаев. 

Барлық жаңалықтар