• Басты
  • Жаңалықтар
  • С. Ахметов ӨДМ-не пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару бойынша қадағалауды күшейтуді тапсырды

С. Ахметов ӨДМ-не пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару бойынша қадағалауды күшейтуді тапсырды

30 Қаңтар, 2014 11:39
ҚР Үкіметінің төрағасы ӨДМ кеңейтілген алқа отырысында ведомствоға қолданылмаған жерлерді қайтару бойынша қадағалауды күшейтуді тапсырды.

«Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығындағы қолданылмаған жерлерді қайтару жұмысын аяқтаймыз. Агенттік ауқымды жұмыс жасады. Қазір ол жер ресурстарын басқару комитеті, сондықтан да мен министрлікке осы жылы жер қатынасына, жер теліміне қатысты  сұрақты аяқтап, 2015 жылдың басында Үкіметке тиісті ақпаратты беруін тапсырамын. Заңнамаға түзетулер мен өзгерістер енеді», - деді С. Ахметов.

Сондай-ақ, Премьер-Министр қолданылмаған жерлерді қайтару бойынша қадағалауды күшейтуді тапсырды.

«Бұл маңызды сұрақ. Әсіресе Ақмола облысы, Астана қаласы мен оның айналасындағы жерлерге қатысты», - деді ол.

 

Барлық жаңалықтар