- Басты
- Жаңалықтар
- Әсет Исекешев: «Әбу-Даби Плаза» құрылысына жергілікті компанияларды тарту қажет
Әсет Исекешев: «Әбу-Даби Плаза» құрылысына жергілікті компанияларды тарту қажет
«Жобаны БАӘ инвесторлары толығымен қаржыландыруда. Инвестициялардың жалпы көлемі 1,6 млрд. АҚШ долларын құрайды. Бүгінгі күні энергияны үнемдеу және экология саласындағы озық технологиялар бойынша салынатын, Қазақстандағы ең бірінші кешен, ТМД-да жоспарланатын барлық жобалардан ең биік тұрғын үй кешені және өзінде «бизнес, тұрғын үй және ойын-сауық» ұғымдарын қамтитын ерекше көп функционалдық кешен (кешен өзінде бөлшек сауда нысандарын, кеңселерді, қонақүйді және тұрғын үй жайларын қамтиды)», - делінген хабарламада.
Кеңесте құрылысты 2016 жылдың соңына дейін аяқтау мақсатында («ЭКСПО-2017») 2014 жылға арналған жұмыстар жоспары талқыланды. «Алдар Пропертиз» басқарма төрағасы Әбу Бәкір әл-Хуридің ақпаратынша, 2014 жылы кешен құрылысына жұмыстың екі ауысымдық тәртібінде 7 мыңға жуық адам тартылады. Осы уақытта құрылыс алаңында 1000 тарта адам жұмыс істеуде.
«Біз «Әбу-Даби Плаза» құрылысына жергілікті компанияларды тартуымыз қажет», - деп айтты вице-премьер.
Осыған орай тараптар жақын арада «Әбу-Даби Плаза» жобасын жүзеге асыруға отандық құрылыс компанияларын және құрылыс материалдарын өндірушілерді тарту мақсатында қазақстандық мердігерлік ұйымдардың қатысуымен кеңес өткізуге уағдаласты.
«Мемлекет Басшысы өзінің жуырдағы Жолдауында Қазақстандағы бизнесті қолдауға қайтадан ерекше назар аударды. Оған қоса, отандық құрылыс индустриясын дамыту ҮИИД бағдарламасының бір басымдығы болып табылады. Ал жергілікті мазмұнды арттыру саясаты - кәсіпкерлерімізді қолдаудың тиімді құралы. Және біз Президент тапсырмаларын орындау үшін барлық шараларды қабылдауға тиіспіз», - деп қорытындылады Әсет Исекешев.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
Коронавирустан кейін денсаулықты қалай қалпына келтіру қажет -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Н.Әбілшайықов: Кәсіпкерлерлерге несие алу шараларын жеңілдету қажет -
COVID-19-ға қарсы екі екпені не үшін алу қажет -
Сарапшылар пікірі: Оқушылар мен студенттерге қандай дағдыларды дамыту қажет -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Білім беру гранттарын тағайындау: Қандай құжаттар қажет -
Әкімдерді сайлау: «Жергілікті тұрғындар мен билік арасындағы байланыс нығаяды» -
Шетелден инвестиция тарту: 2020 жылғы жобалар, жаңа алгоритм және проблемалары