- Басты
- Жаңалықтар
- ЭБЖМ басшысы мен Азия Даму банкінің вице-президенті Астанада АДБ - ның отырысын ұйымдастыру мәселелерін талқылады
ЭБЖМ басшысы мен Азия Даму банкінің вице-президенті Астанада АДБ - ның отырысын ұйымдастыру мәселелерін талқылады
Екі жақ Астанада мамырдың 2-5 аралығында АДБ-ның 47-ші жыл сайынғы отырысын ұйымдастыру және өткізу мәселелеріне тоқталды.
Ол Қазақстан экономикасын жандандыру және әлеуметтік жобаларды іске асыруға қолдау білдіретін АДБ-мен тығыз байланыс жасауға ерекше мән беретіндігін.
«Астанада өтетін АДБ 47-ші жыл сайынғы отырысына дайындық жоғарғы деңгейде өтеді»,-деді Ерболат Досаев.
Жақында ҚР Премьер-министрі Серік Ахметовтың төрағалығымен Ұйымдастыру комитетінің отырысы өткен болатын. Отырыс барысында Үкімет басшысы бірқатар тапсырмалар берді. Нақты айтқанда, Оңтүстік-шығыс Азия бағытынан Астанаға қатынайтын тікелей әуе рейстерінің санын көбейту және қатысушыларды визамен қамтамасыз ету тапсырылды.
Алдын-ала жасалған болжам бойынша Астанада өтетін АДБ отырысына 3500-ден 5000 адамға дейін қатысады. Мәселен, отырысқа АДБ мүше-елдерінің басшылары, АДБ-ға мүше-елдердің қаржы министрлері, ірі халықаралық банктер мен қаржы ұйымдарының басшылары, сондай-ақ, мемлекеттік, үкіметтік емес және өзге де ұйымдардың бас мамандары қатысады.
Айта кетейік, Қазақстан үшін 2012-2016 ж.ж арналған АБД жаңа стратегиясы жұмыс істейді. Ол Қазақстан мен АДБ арасындағы экономикалық әріптестікті нығайтудың жарқын дәлелі болып, экономика, көлік, энергетика, қала құрылысы, шағын және орта бизнесті әртараптандыруды қолдауға бағытталады.
Сондай-ақ, «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәліздерді қайта құру» АДБ ірі жобаларының бірі болып табылады. Аталмыш жоба «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәліздердің Қазақстан бойынша қарқынды жылжуын қамтамасыз етеді. Сәйкесінше транзиттік жүктердің айналымын көбейтеді.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция