- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда 2013 жылы өндірістік кәсіпорындарда және өрттен көз жұмғандар саны 18%-ға төмендеді - В.Божко
Қазақстанда 2013 жылы өндірістік кәсіпорындарда және өрттен көз жұмғандар саны 18%-ға төмендеді - В.Божко
«Өткен жылы біз қызметімізде жақсы динамикаға қолжеткіздік. Өндірістік кәсіпорындарда болған төтенше жағдайлар мен тілсіз жау өрттен зардап шеккендер саны 7,5%-ға, көз жұмғандар саны 18%-ға төмендеді», - деді министр.
Оның айтуынша, жақсы көрсеткішке ведомство таулы жерлер мен суайдындарындағы өрт, күртік қар, су тасқындары кезінде сауатты жүргізілген құтқару операцияларының арқасында қол жеткізіпті.
«Жалпы, 2013 жылы ТЖМ 56 534 рет құтқару операцияларын жүргізіп, 6748 адамды аман алып қалған. Ал, қауіпті аймақтан 6651 адам көшіріліп, зардап шеккен 3667 азаматқа алғашқы медициналық көмек көрсетілген. Өндірістік кәсіпорындарда және өрттен көз жұмғандар саны 18%-ға төмендеген», - деді В. Божко.
Бүгінде елімізде азаматтық қорғанысты арттыру мақсатында жұмыстар қарқынды жүріп жатыр.
«Қалалық және қала сыртындағы мемлекеттік басқару ұйымдары мен басқармаларда, сондай-ақ, кәсіпорындар мен ұйымдардағы азаматтық қорғанысты күшейту мақсатында қатаң бақылау жүргізілуде», - деп ведомство басшысы В. Божко өз ойын толықтырды.
ҚР ТЖМ кеңейтілген кеңесінің отырысына Президент Әкімшілігінің Қауіпсіздік Кеңесі, Премьер-Министрдің кеңсесі, ҚР ТЖМ қарасты ұйымдардың және олардың бөлімшелерінің, Алматы, Астана қалаларындағы және облыстардағы ТЖ департаментінің бастықтары қатысты.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі