• Басты
  • Мәскеуде халықаралық G-Global жобасы мен Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы конференцияның таныстырылымы өтті
30 Қаңтар, 2014 15:03

Мәскеуде халықаралық G-Global жобасы мен Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы конференцияның таныстырылымы өтті

«МИРБИС» Мәскеу халықаралық жоғарғы бизнес мектебінде халықаралық G-Global жобасы мен Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы конференцияның таныстырылымы өтті. Бұл туралы «Еуразиялық Экономикалық Ғалымдар Клубы» Қауымдастығының баспасөз қызметі хабарлады.
Мәскеуде халықаралық G-Global жобасы мен Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы конференцияның таныстырылымы өтті

«Таныстырылым барысында G-Global халықаралық жобасы аясында әлемнің  қаржы-экономикалық архитектурасының нығаюы мен дамуы үшін ұсыныстар дайындау мақсатында ұйымдастырылатын шаралар мен әлемдік экономикадағы ағымдағы тұрақсыз жағдайдың сараптамалық қауымдастығының алаңдаушылық тудыратыны айтылды», - делінген хабарламада.

«Еуразиялық Экономикалық Оқымыстылар Клубы» Қауымдастығы президенті Мұрат Қарымсақовтың айтуынша, жаһандық қатерлердің белгілі бір топқа ғана емес, барша әлемге зиян екенін түсінетін кез келді.

«Сол себепті қазіргі кездегі тез өзгеріп жатқан жағдайларда, өсім көрсеткішінің дамыған елдерге қарай құбылатын кезінде жаһандық басқару ережелері мен ұстанымдарын қайта қарап шығу керек», - деді М.Қарымсақов.

Осындай жаһандық шаралардың бірі Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы конференция  болып табылады. Министрлердің деңгейіндегі бұл шараның маңыздылығын бірқатар халықаралық ұйымдар, халықаралық сараптамалық қауымдастықтар, саясаткерлер мен кәсіпкерлер мойындап отыр.

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдың 21-23 мамыры аралығында Астана экономикалық форумы алаңында конференция екінші рет ұйымдастырылатын болады. Оның басты қорытындысы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше мемлекеттердің Әлемдік Дағдарысқа қарсы Жоспар Жобасының қабылдануы болмақ.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды