- Басты
- Жаңалықтар
- Бразилияда қазақстандық дипломаттар ҚР Президентінің Жолдауына арналған брифинг өткізді
Бразилияда қазақстандық дипломаттар ҚР Президентінің Жолдауына арналған брифинг өткізді
«Іс-шара барысында, Бразилия Федеративтік Республикасындағы ҚР Елшісі Б.Ордабаев қатысушылардың назарын «Мәңгілік Ел» Патриоттық актісі мен «Қазақстан-2050» Стратегиясының негізгі бағыттарына аударта отырып, Елбасының Жолдауымен толыққанды таныстырды», - делінген хабарламада.
Брифингке қатысушылар Қазақстан Президентінің халқына Жолдауындағы экономика, энергетика, инновация, ғылым және т.б. маңызды бағыттарға қызығушылық танытып, онда қойылған міндеттердің белсенді, өз уақытында орындалып, оларға қол жеткізудің қағидаттарының нақтылығын атап өтті.
Сондай-ақ, шара барысында дипломатиялық миссия басшылары мен басқа да қатысушылар Қазақстан – саяси және экономикалық реформаларды іске асыруда өзінің ойлылығы және қырағылығымен үлгі көрсетуші, ТМД кеңістігіндегі жетекші елдердің бірі екендігін атап өте отырып, Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейін қысқа мерзімдегі жетістіктерін жоғары бағалады.
Атап айтқанда, Ресей Федерациясының БФР-дағы Елшісі С.Акопов Ресей, Беларусь және Қазақстан арасындағы Кеден Одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістіктің іске қосылуы – бразилиялық кәсіпкерлерге Қазақстан мен оның аталған серіктестіктерімен іскер және сауда қарым-қатынастарын кеңейтуге үлкен мүмкіндіктер ашатынына назар аударды.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Президент жолдауынан басталған игі істер -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары