- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандық жанкүйерлер Сочи Олимпиадасына 6 ақпан күні аттанады
Қазақстандық жанкүйерлер Сочи Олимпиадасына 6 ақпан күні аттанады
«Қазақстанның жанкүйерлер тобының құрамына 400 адам енді – спорт ардагерлері, еңбек сіңірген бапкерлер, жас спортшылар, журналистер, қазақстандық жанкүйерлер мен бапкерлер. Қазақстандық делегаттың бірінші тобы Алматыдан 6 ақпан күні кетеді, екіншісі 15 ақпанда аттанады. 2014 жылғы Қысқы олимпиада ойындары Сочиде 7 мен 23 ақпан аралығында өтеді», - делінген хабарламада.
Сочидегі Олимпиада ойындарында Алматыны XXIV қысқы олимпиада ойындарының және EXPO-2017 өтетін қала ретінде насихаттау жұмыстары жүргізіледі. Сочиде жанкүйерлерге ИЖТМ Индустрия комитеті дайындаған материалдар таратылады. Онда біздің елдің туристік жетістігі насихатталатын болады.
Алғаш рет қауіпсіздік мақсатында Сочидегі қысқы Олимпиада ойындарында жанкүйерлердің паспортын рәсімдеу тәжірибесі енгізіледі. Олсыз жанкүйерлер Сочи қаласына кіре алмайтын болады. Осыған орай, ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитеті тағы Сочидегі қысқы Олимпиада ойындарына барғысы келетін қазақстандықтарға паспорттарын рәсімдеп, «Complete Service» қазақстандық туристік компаниясы арқылы жарысқа билет алуды ұсынады.
Компания Қазақстан аумағында «Sochi-2014» Ұлттық Ұйымдастыру комиеті мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитетінде тіркелген Сочидегі XXII Қысқы Олимпиада ойындарына билет алатын ресми агенті ретінде таңдалды. Бұл компания 2008 жылы Пекиндегі Олимпиада ойындарында, 2010 жылы Ванкуверде, 2012 жылы Лондонда жалғыз агент болып, 2011 жылы Алматыдағы қысқы Азия ойындарында ҚР ҰОК ресми әріптесі болған.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
ІІМ: Жол ережесі, жаяу жүргіншілердің тәртібі және «Полицейдің бір күні» жобасы -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
COVID-19: 4 млн-нан астам қазақстандық вакцина алды