• Басты
  • Мәжіліс ең төменгі жалақы туралы Конвенцияны жұмысқа алды
29 Қаңтар, 2014 12:27

Мәжіліс ең төменгі жалақы туралы Конвенцияны жұмысқа алды

Бүгін Мәжіліс «Ең төменгі жалақыны белгілеу рәсімін жасау туралы Конвенцияны (26-Конвенция) ратификациялау туралы» заң жобасын жұмысқа алды, деп ҚР Парламенті Мәжілістінің баспасөз қызметі хабарлады.
Мәжіліс ең төменгі жалақы туралы Конвенцияны жұмысқа алды | Strategy2050.kz

«Конвенцияның мақсаты мемлекеттің ең төменгі жалақыны белгілеу рәсімін сақтау құқығын қамтамасыз ету болып табылады», - делінген хабарламада.

Конвенцияның ережелері жалақыны ұжымдық шарт арқылы немесе өзге жолмен тиімді реттеудің белгіленген рәсімі  жоқ  және жалақысы өте төмен өнеркәсіптің белгілі бір салаларында немесе секторларында (және атап айтқанда, үй өндірісінде) жұмыс істейтін барлық еңбекшілерге қолданылады.

Конвенция экономикалық қызметтің барлық салаларына және еңбекшілердің барлық санатына қолданылады.

Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес мемлекет ең төменгі жалақы мөлшерiн бекітуге  кепілдік береді.

Айта кетейік, қазіргі кезде Конвенцияны ХЕҰ-ға мүше 103 мемлекет ратификациялады.

 

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды