• Басты
  • Алматыда ішкі тұтыну тауарларын электрондық декларациялаудың пилоттық нұсқасы енгізілді
29 Қаңтар, 2014 11:13

Алматыда ішкі тұтыну тауарларын электрондық декларациялаудың пилоттық нұсқасы енгізілді

Қалада ішкі тұтыну үшін әкелінетін тауарларды электрондық декларациялаудың пилоттық нұсқасы енгізілді, деп Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Алматыда ішкі тұтыну тауарларын электрондық декларациялаудың пилоттық нұсқасы енгізілді | Strategy2050.kz

«Алматы кеденінің бастамасымен өткізілген шараның өзектілігі қазіргі уақытта Алматы қаласында ішкі тұтыну үшін әкелінетін тауарларды электрондық декларациялаудың пилоттық нұсқасының сыналуына, сондай-ақ экспортты электрондық декларациялаудың ақпараттық жүйесін өндірістік пайдалануға енгізуге байланысты болып отыр», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінің басқарма және бөлім басшылары кеден бекеттеріне үнемі шығып, ондағы  сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға кеңестерін беріп,  көлік құралдарына және тауарларға кедендік тазарту жүргізу барысында кәсіпкерлер тарапынан туындайтын түрлі сұрақтарға қатысты кеден заңнамасы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.

Сонымен қатар, бөлімше басшыларының кеңестерінен бөлек, азаматтар мен кәсіпкерлер, әрбір кеден бекетінде жұмыс істейтін, ақпараттық – кеңес пункттеріне жүгіне алады, қызықтырған ақпаратты Департаменттің «аlmaty-customs.kz» ресми сайтынан және апта сайын өткізілетін Департамент басшылығының қабылдауынан біле алады. 

 

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды