- Басты
- Жаңалықтар
- Нақты және бір нүктеге тоғыстырылған даму векторының болуы қазақстандықтардың күнделікті проблемаларын шешуге мүмкіндік береді - Т. Қалдыбаев
Нақты және бір нүктеге тоғыстырылған даму векторының болуы қазақстандықтардың күнделікті проблемаларын шешуге мүмкіндік береді - Т. Қалдыбаев
«Ең маңызды бағыттардың бірі тұрғын үй мәселесін шешу болып табылады. Дәл осы проблеманы шешуге 2012 жылы өз бастауын алған «Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасы арналған. Мемлекет басшысы нақты тапсырма беріп, өз сөзінде: «Жыл сайын елімізде көлемі 6 млн. шаршы метрді құрайтын жаңа баспаналар пайдалануға беріледі. Бірінші кезекте біз жарты милионнан астам жас отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз етуіміз керек. Осы проблеманы шешу жолында жалға берілетін пәтерлердің көлемі 1 млн. шаршы метрге жеткізуіміз керек», - деді Тимур Қалдыбаев.
Активтерді басқару департаменті директорының айтуынша, осы тапсырмаларды орындау мақсатында «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұрғын үй құрылысына мамандандырылған көптеген институттарды, атап айтатын болсақ, «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ және жергілікті билік органдарын тартты.
«2013 жылдың соңына қарай «Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Тараз және Ақтөбе қалаларында көлемі 32,5 мың шаршы метрді құрайтын екі көп пәтерлі тұрғын үйді пайдалануға берді. Дәл осындай мүмкіндікті, яғни, өзінің баспана базынасын шешуге 2014 жылы мыңдаған адамдар мүмкіндік алады. Бұл дегеніміз, Елбасының берген тапсырмасын орындау мақсатында жасалған құтты қадам десекте болады», - деп Т. Қалдыбаев баса айтты.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады